Биология саласындағы лейкоциттер дегеніміз не?

0 дауыс
12.1k қаралым
• Санаты: Жануарлар

2 жауап

0 дауыс
Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκως — ақ және гр. κύτος — жасуша) – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.
Лейкоциттер — ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек майында қүрылады. Қан мен тканьдарда әртүрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.[1]
 Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.
Түйіршіксіз лейкоциттер: 1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады. 2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады.
Мәлімет көзі: [Уикипедия][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Лейкоциттер
0 дауыс
Лейкоцит -
ядродағы қан торшалары.  Қан мен
тканьдарда әртүрлі қызметтер
атқарады, тәнді-тәнсіз
иммунді реакцияларға,
қабынуларға қатысады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,767 сұрақ
322,339 жауап
153,150 пікір
72,792 қолданушы