+1 дауыс
Кішкентай бала айтатын (шамамен 5-7 жас аралығы) өлең бар ма? Өтініш дәл қазір керек (қазақша)
31.05.2012 13.4k қаралым

6 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Қошақаным қайда екен?

Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Ойнап шықты, жүгіріп.

Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?2рет

Демалыста өзімнің
Тағы іздеп барамың.
Бір қошақан, бәрі бір
Сені тауып аламын.
 

Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?2рет


Қозы-лағым жүр ме екен,
Екі сұлу сол ме екен?
Мені қашан келер деп
Сағынып ол жур ме екен?

 

Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?3рет

19.12.2013
үздік деді
0 дауыс
Дина ханым міне -өзіме ұнайды       
01.06.2012
Аягөз бұл басқа тілдегі өлең ғой. Ал автор қазақша деген.
+1 дауыс
Ботақаным-бөбегім деген өлең бар еді ғой құттай қыздар айтатын
01.06.2012
+1 дауыс
Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шыға келді жүгіріп ....деген ән ше?(Кеш шығар, бірақ енді)
01.06.2012
+1 дауыс
Айгерім Қалаубаеваның "Ертегілер әлемінде" әнін 5-7 жасар балаларға айтуға болады деп ойлаймын
01.06.2012
0 дауыс

Болмаса "Махаббат диалогын" оқытып қой, не екенін түсініп жатыр дейсіз бе?)

-     Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
-     Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-     Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-     Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-     Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-     Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
-     Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
-     Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін. 

19.12.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы