Қошақаным қайда екен?
Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Ойнап шықты, жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?2рет
Демалыста өзімнің
Тағы іздеп барамың.
Бір қошақан, бәрі бір
Сені тауып аламын.
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?2рет
Қозы-лағым жүр ме екен,
Екі сұлу сол ме екен?
Мені қашан келер деп
Сағынып ол жур ме екен?
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?3рет