Ия..... ондай жағдай болған....Мамам айтып берді.Мен кішкентай кезімде, 2-3 жас шамасында қыстың суығында далада жалғыз жемпірмен жүгіріп ойнаппын.Содан өкпеме салқын тиіп ауруханаға жатып қалыппын. Жан сақтау бөлімінде(реанимация) 10 күн жатыппын ауырып. Қан керек болып, отбасым,ағайын-туған, тіпті таныс емес біреулерге дейін қан берген. Ауруханада 2 ай жатқан шығармын. Бойымда әр түрлі адамдардың қаны болғандықтан шығар, менің мінезім де сондай құбылмалы.Біресе олай,біресе былай....Осылай өлім аузынан қалыппын. Ауырғанымның бір жаман жері әлі күнге дейін ет,май,сәбіз,піскен қызанақты еш аузыма алмаймын.