+1 дауыс
566 көрілді
...Мен ғашық болып қалдым.  Ес-түссіз! Мұндай сезім менде бұрын соңды болмаған. Сол үшін маған қатты қиын. Иә, бұрын ұнаттым қаншама адамды, ал, ғашық болу мүлдем басқа екен. Өзім толықша келген қыз едім, 3 күннің ішінде 4кг салмақ тастаппын. (Бір жағынан жақсы шығар салмақ тастау. Бірақ сүйкімсіз семіз емес едім)
Мен ол жігітпен агент арқылы таныстым. Телефон арқылы көп сөйлесіп жүрдік. Оның әңгімесі, қалжыңдары мені бірден баурап алды. Бірақ кездесуге асықпадым. Сөйлесіп жақсы танып алғанымыз жақсы ма деп ойладым. Сол уақыт ішінде бауыр да басып қалыппын. Ең жаманы бауыр басқандық екен.  Сосын ол жігітпен кездестім, ұнаттым, оның сөзіне қарасам мен де ұнадым. Қыдырдық. Сонымен бір күнім әдемі кездесумен аяқталды. Мінезі салмақты жігіт. Сөздері де, жаңағы айтқандай қалжыңдары да тартымды. Күнде звондап тұрғанына үйреніп кеткен мен, кездесуден кейінгі күні ол маған звондамады. Ұнатпай қалған шығар деп ойладым. Смс жазып жібердім, кешкісін хабарласты. "Ешқандай арам ойлама, егер ұнамасан бетке айтамын. Ештеңені уайымдама" деді. Мен оған сендім. Сол күні-ақ мен оған егер мені ұнатпай қиналып айта алмай жүргенің болса жасырмай айт, бәрін түсінем дедім. Ол "сен қуады екенсің, неге нашар ойлайсың" деген еді. Ол сөзіне де сендім. Енді бүгін төртінші күн, ол мүлдем хабарсыз. Мен звондауға да, смс жазуға да дәтім бармай отыр. Тым мазалап жіберемін бе деп қорқамын. Қандай жолы бар мұның? Сіздерден, әсіресе жігіттерден ақыл сұраймын. Қыз баланың іздегені дұрыс па? Мен тіпті күлмейтін де болдым, жүрегім қатты ауырады. Жұмысыма да немқұрайлы қарап кеттім. Өзімді нашар сезінем, қатты қиын маған. Оны сағындым, ең болмаса "араласпай-ақ қояйықшы" деген сөзін өз аузынан естігім келеді. Сосын барып тынышталатын шығармын. Шаршадым, қажыдым, ешкімге, ештеңеге сенгім келмейді. Ақылдарыңызды күтем. Рахмет.

7 жауап

+1 дауыс
махабат ғашықтыққ.....сені түсінемін бірақ саған берер ақылым күніне 1-2 рет тастасаң жетеді әрине сағынасың...бірақ сен көп смс тастай берсең жігітің ашуланады ғой сосын жауап қайтармайды...
+1 дауыс
Сабырлық,шыдамдылық таңытыңыз......
Мумкін бір жагдай болып қалган шыгар,сізді босқа әуреге салғысы келмейтің шығар.....
Менде де  ондай жағдайлар болып тұрады......жігіт болғандықтан кейбір нәрселерді өзі шешкісі келеді .......кейін барлығы реттелгенде сізге барлығын жасырмай айтады......
0 дауыс
"Ешқандай арам ойлама, егер ұнамасан бетке айтамын. Ештеңені уайымдама", "сен қуады екенсің, неге нашар ойлайсың" деген сөздеріне қарағанда оның сізге деген сезімдері өзгере қоймаған шығар. Бірақ кездескенге дейін күні-түні сөйлесіп, ал одан кейін хабарсыз кеткені де күман тудырады. Сіздің онсыз да ауырып жүрген жүрегіңізді аурытқым келмейді. Алайда оның жоғарыдағы сөздері де сіздің жүрегіңізді жаралап алмай ақырын ұмытқаныңызды қалайтынын да көрсе болады. Бірақ сіз қам жемеңіз. Мүмкін бір жағдай боп қалған шығар. Ойланып көріңіз, егер болмай жатса нақты тоқ етер жауабын алыңыз одан. Үн-түнсіз кетуге де болмайды ғой....
+1 дауыс
Қиын жағдай !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
қиын жағдай екен бұндай кезде не айтарымды білмедім
Иа сіз бай қаныз жігітінізді барынша сыртай іштей біліп танып алыныз?  Егер ол сізді шын сүйсе хабарласыу керек еді ?1-2 күн тоса тұрыныз сабыр сабыр мен күтініз білкім жігітініз қйын жағдай да жүрген шығар Сабар түбі сары алтын
0 дауыс
Уақытша сезім дер едім сенікін. себебі адам кунде біреумен сойлесип кунде сонымен смс жазысып отырса соған уйренип калады. ертең уакыт оте осыншалыкты кийналганына кулип журесин. Енді жігіт жайла ештеме айта ламайм , мумкін сені унатар мумкін унатпас бірак катты соған уміттеніп баска жактын барин жиып коюдың кажети жок. барлық нарсеге дайын болу керек адам, себебі бұл ӨМІР!!!!
0 дауыс
Өзіңді қинап нестейсің .Егер оған керек болсаң өзі - ақ келеді .Ұмыта сал . Егер сезімің шын болса , қайта келген жағдайда қайта сезімің ашылатын шығар . Сүйгенді сүй , сүймегенге жалынба ! Менің  ойымша оның саған деген сезімі бар айтқан сөздеріне қарағанда .
...