+3 дауыс
333 көрілді

Алдын ала ешқандай қорғаныс қойылмаған компьютерге (Windows) антивирус қойылды. Қойылған соң, жүздеген вирус тапты да жойып жіберді. Қуандым!

Бірақ компьютер әлі де "қатып" қалады, өздігінен бір қате туралы хабарламалар шығады, әйтеуір жаңа кезіндегідей жылдамдық пен комфорт жоқ.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл жағдайды былайша түсіну керек. Қарапайым қолданушыға дөрекі мысал кейде үлкен көмек береді.

Вирусты - қылмыскер делік те, антивирусты - полиция делік. Полиция қылмыскерді ұстайды, бірақ оның өлтірген адамын қайта тірілтіп бере алмайды ғой?

Ендеше, антивирус вирустарды жойғанымен, оның жасап кеткен "қылмыстарын" ешқашан бұрынғыдай қалпына келтіре алмайды.

Тапсырыс беруші не танысыңның алдында ұялмау үшін ОЖ қайта қойған жөн.
Бұл мәтінді жеке сұрақ ретінде шығарыңыз. Сіздікі жауап болып қалды.
+1 дауыс
Ерлан мырза мен сізге маман ретінде айтайын. Сіз көптеген вирусы бар компьютерден вирустарын тазалағанмен ол компьютер баяғыдай болмайды. Яғни компьютер емес, Оператциялық Жүйе баяғыдай болмайды. Негізі көп вирустар системный файлдарды зақымдауға бағытталған. Олар барып system32 папкасының ішіндегі виндоусқа ең керекті  файлдарды зақымдайды. Келесілері олар флешкаға мусорды толтыру. Сіз Касперски мен Доктр веб-тен басқа антивирус орнатқан болуыңыз керек. Басқа антивирустар олар зақымдалған файлды емдейтін қасиеті жоқ. Тікелей өшіре береді. Ал ана екі алдымен емдейді, емдеуге келмейтін жағдай болса өшіреді. Сіз орнатқан антивирус емдемей керекті системный файлдарын өшіріп тастаған болуы керек. Шығатын жол: Керекті құжаттарыңызды D дискісіне сақтап, переустановка етіңіз, етіп болған соң артынша D-ны ашпай алдымен антивирусты орнатып Д дискіңізді тексеріп тазалап, мына бағдарламаны орнатып қойыңыз. Антивруспен бірге жұмыс істеп тұра береді. Көптеген флешкамен келетін вирустарды ұстайды. http://files.gw.kz/9b78ctypms.html Егер көмектеспесе айтыңыз, басқа жолын қарастырып корейік.
Мен өзім жуап беріп жатыр едім )))
қызық екенсіз)) өзіңіз сұрақ, қойып өзіңіз жауап беріп жатсыз))
Бірақ, былай қарасаң да дұрыс қой ол да, енді өз білгеніңізді халыққа түсіндіріп, уйретіп жатқаныңыз!!! +1
FAQ осылай жасалады.
...