0 дауыс
5.7k көрілді
Өмірде инабатты келін болу үшін не істеу керек? яғни болашақ енесінің көңілінен шығу үшін не істеуге  болады?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ибалы келін болу тәрбиеге де байланысты. Егер  қыздың анасы жастайынан ибалы келін болудың қасиеттерін  қызының құлағына құйып отырған болса, онда мұндай келін атану қиынға соға қоймас. Жастайынан инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, жөнімен сөйлеуге үйренген жан ибалы келін болуда қиналмас.   Ең алдымен сыйластық керек, ененің көңілінен шығу үшін оны шын көңілмен сыйлау керек. Оған тек ене деп қана емес, Сіздің өмірлік жарыңызды, жүрегіңіздің жартысын, бірге болашаққа қадам басқан, сенім артқан жаныңызды дүниеге әкелген асыл жан деп бағалаңыз.
+4 дауыс
Назар аударыңыздар, "Инабатты келін" орнына   Вакансия!!!
<br>
.....Келінге қойылатын талаптар:

- Сырттай қасиеттері: Тазалықты ұнататын, табиғатынан сұлу (жаппай боянуды жат санайтын),  қиылған қас, шиедей ерін ,т.с.с. бүтін, денсаулығы бар, ашық-шашық киінуді ерсі көретін Қазақтың қара немесе сары домалақ (басқа да...) қарапайым Қызы болуы шарт.

- Жалпы қасиеттері: Ақылды, қарқылдап күлуді жатқа балайтын :жымиюы: әдемі , кішіпейіл, тілге бекем, әрі сауатты, білімді, болашаққа сенімі мол, инабатты, тәрбиелі,шыдамды,  ар-ұятты сақтай білер  биязы болуы шарт.

- Іштей қасиеттері:Имандылық . . .
<br>
Осы талаптардың біреуіне болсын  сай келмейтін  Қыздар,  хабарласпауларыңды өтінемін.
<br>
Байланыс адресі:  "Ауыл" атты жергілікті ауыл-округ. Қаладан 20 шақырымда.
Байланыс телефоны: 8-7... - ... .... ..... ... ... ... ...

P.S. Адрес бойынша жолыққан Қыздар, Сендерді арнайы комиссия 35 мин. шамасында сынаққа алады. Сынақтан сүрінбей өткендеріңіз "Келін" атанасыздар. Келісімшарт жасалмайды.

Комиссия құрамында болашақ ене (ана)- ларыңыз барын ескертеміз.

Құрметпен: Құдалық өкілі.
Өз кандидатурамды ұсынамын! Қайда хабарласайын?
[..................м.ы.н.д.а.............................................................][1]
[1]:
"Қара домалақ Қыз" сипаты көп айтылатындықтан [жазғаным.][1] ....Жалпы, қандай болсаңдар да сұлусыңдар, Арулар.)
[1]: http://www.google.kz/#hl=ru&output=search&sclient=psy-ab&q=%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3+%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0+%D0%B4%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D2%9B+%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B&oq=%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3+%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0+%D0%B4%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D2%9B+%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B&aq=f&aqi=&aql=&gs_l=hp.3...2079.6431.0.6655.26.22.0.4.4.3.250.4863.2-22.22.0...0.0.WUUKfnmphec&pbx=1&bav=on.2,or.r_gc.r_pw.r_qf.,cf.osb&fp=c2c12e8046124719&biw=1024&bih=677
Қап-ай, а! Баяғы Күлпаш! Қашан құтылам Күлпаштан?! хехе, рахмет! Бір күліп алдым. Көңіл-күйім жоқ еді:)
Жұмбақ Қыз, жазыңыз. Жауап күштілікпен өлшенбейді. Бастысы- мағынасы,пайдасы. Ал Сіздің жауаптарыңызға  мағыналылық пен Қолданушыға  тиер пайдасы тұнып тұр. =)
Қырмызы, қуаныштымын _)
Мына хабарландыруды қатырған екенсің)))
+1 дауыс
Инабатты келін болу үшін  инабатты болу керек.
...