+1 дауыс
7.1k көрілді
1.Еуропада қанша мемлекет бар, олар қалай бөлінеді?
2.Солтүстік Америкада қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
3.Африканың географиялық орны ?

2 жауап

+2 дауыс
1. Еуропада 49 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай)Албания, Алмания, Андорра, Аустрия, Әзірбайжан (40 %), Беларус, Белгия, Босния және Герцеговина, Бұлғарстан, Грузия (55 %), Грекия, Дания, Естония, Ирландия, Исландия, Испания,  Италия, Қазақстан (16 %),  Құрама Патшалық, Латвия Лихтенштейн
Литуания, Люксембург, Мажарстан,  Македония Республикасы, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей (32 %), Румыния, Сан-Марино, Сербия, Словакия, Словения,
Түркия (4 %), Украина, Ватикан, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция      Мәлімет көзі: http://kk.wikipedia.org/wiki/Еуропа

2. Кен байлықтары. Кен байлықтарының негізгі бөлігі Канада қалқаны мен Кордильера тау жүйесінде шоғырланған. Жоғ. көл мен Лабрадорда ірі темір кендері, платформаның шөгінді жыныстарында мұнай мен газдың, тас көмірдің мол кендері бар. Кордильерада алтын, күміс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, Колорадо үстіртінде уран, Аппалач тауларында тас көмір мен темір кентасы, Сеңгір таулардың палеозой шөгінділерінде фосфорит, төм. мезозойда уран кендері бар. Мексика шығанағы жағалауында, Калифорнияда, Оңт. Аляскада, Ұлы жазықтың солт-нде мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған. Мәлімет көзі: http://kk.wikipedia.org/wiki/Солтүстік_Америка

3. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.
Мәлімет көзі: http://kk.wikipedia.org/wiki/Африка
көп көп Рахмет !!!!!
Арзымайды, қажетіңізге жараса болғаны...
0 дауыс
Еруопа мынадай физикалық географиялық аумаққа бөлінеді. Солтүстік Еруопа, Оңтүстік Еруопа, Батыс Еруопа, Шығыс Еруопа және Орталық Еруопа.

Ұқсас сұрақтар

...