+5 дауыс
3.7k көрілді
Әлемде... тіпті біздің елдің өзінде нәзік жандылардың сондай түрі бар ма екен?

12 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жуырда Қазығұрт кентіндегі «Мирас» мейрамханасында болған тойға бар­ған едік. Өзбек ұлтының өкілдері өткізген осы тойда біз түр-тұлғасы ерекше бір адамды жолықтырып, таң-тамаша қалдық. Жасы алпысты алқымдаған ақ жаулықты ананың иегіндегі қап-қара сақалы кімді де болса таң-тамаша етері анық болатын.

«Менің жасым 61-де, аты-жөнім – Мутабар Тораева, – деді ол. – Алайда көрші-қолаң мен қатарластарым мені «Са­қалды апа» деп атап кеткен. Оған түк те ренжімеймін. Иегімдегі бұл сақалды мен әдейі қойған емеспін. Сақал-мұрт менің анамда, нағашы әжемде де бол­ған екен. Яғни тұқым қуалау арқылы пайда бол­ған. Жас кезімде бойымдағы осы өзгеріс­тен үрейленіп, Ташкенттің дәрігер­леріне тексерілгенмін. Алайда ондағылар мұның ешқандай қаупі жоқ екенін, қан арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілген­дігін айтты. Содан бері сақалым мен мұртымды алдырып тастауды ойламаппын да. Өзі жылдан-жылға өсіп жатыр. Өзімнен үлкен Тошай және Мухае есімді екі әпкемде де дәл менікіндей сақал-мұрт бар. Тошай қазір Ташкентте тұрады. Ол да сақалын ұзын етіп өсіріп алған. Ал одан кейінгі әпкем осы Тұрбатқа тұрмыс­қа шыққан. Алайда ол жұрттан ыңғайсызданатын шығар, мұртын өсіргенімен, сақалын алып тастайды».

«Құдайдың берген бір ұл, бір қызын тәрбиелеп өсірдік. Әлі есімде, бірде ұлым Жохонгир екеуміз Ташкентке барғанбыз. Сақалымнан намыстанған Жохонгир кө­шеде, метрода маған жоламай: «Жұрттың бәрі сізге қарап қалады. Ұялып барамын. Неге сақалыңызды алдырып тастамайсыз?» – деп ашуымды келтірген. Қазір есі кірді, енді ұялмайтын болған», – дейді Мутабар апа.

«Сақалды апа менің Құдай қосқан көршім болады, – дейді Шикоят есімді әйел. – Қиямет күні алдымен пенденің көршісімен қандай қарым-қатынаста бол­ғаны сұралады екен. Аллаға шүкір, Мутабар апаның отбасымен тату-тәтті тұрамыз. Туысқандай болып кеткенбіз. Бұл кісі екеуміз әрдайым бірге жүреміз. Базар-ошарға да бірге барамыз. Сондай кездерде оның сақалына таңдана қарап, бір-бірімен сыбырласып жатқан жандарды жиі жолықтырамын. Кейде олардың таңданып тұрғанына күлкім келіп: «Зопарктен адам әкеле жатырмын. Көруге ақшаларың бар ма? Кәне, ақшаларыңды шығарыңдар», – деп әзілдеймін. Бі­реулер Мутабар апаны вахаббист деп ойлайды. Бастапқыда жұрттың Мутабар апа екеумізге таңдана қарағандары маған біртүрлі, ыңғайсыздау көрінетін. Қазір оған да үйреніп кеттім. Бұл кісінің түр-әлпеті еркектерге келетіндіктен көбі оны орамал таққан еркек деп те ойлап қалады».­

Мұрат-ака мен Мутабар апа үйінде мал ұстап, егін егеді. Қыстыгүні жейтін азық-түліктің бәрін өз бақшасында өсі­реді екен. Ал ұлы Жохонгир мен келіні Мохира мектепте мұғалім болып істейді.

Біз Мутабар апамен бірге сол ауылда тұратын әпкесі Мухаеның да үйіне бардық. Ол кісі шынында да сақалын ұстарамен алып тастайды екен. Мұрты да самайындағы шашы сияқты ағарыпты. «Құдайдың берген сақалын жарнамалап, жұртқа жария еткім келмейді. Балаларым да бұған қарсы болатын шығар», – деді Мухае апа.

«Осы уақытқа дейін Құдайдың берген сақал-мұртын қысқартып немесе оны бояп көрмеппін. Өз бетінше өсіп жатыр. Мен мұнымен мақтанамын», – дейді Мутабар апа.

<p "="" style="font-family: Arial, Verdana, Tahoma, Helvetica, sans-serif; font-size: 12px; background-color: rgb(161, 253, 202);">Тұрбатта осындай жаратылысы ерекше апа тұрып жатыр.

+9 дауыс
Менің кәсібім адамдармен тікелей қарым қатынас негізінде, күніне неше түрлі адамдарды көремін. Сіз айтқан адамдар біздің елде жетерлік.
+4 дауыс
Сақалы мен мұрты дәу болып өсіп кеткен қызды теледидардан көрсеткен тұғын бұрында. Сақал-мұртын қырып тастаса да қысқа уақыт ішінде қайта өсіп кете береді екен сондай дәу болып.
+6 дауыс
Өмірден не кездеспеи жатыр деисің бәрі кездесіп жатырғо бәрі мүмкін
+5 дауыс
Өмірде не жоқ дейсіз. Дүниеде бәрі бар. Сақал мұртты әйелдерде бар шығар. ӨТЕ МҮМКІН ғой. Теледидарда да интернетте де айтып жатады.
+1 дауыс
Бар-баааар ондай адамдар өз көзімен көрдім қазақта да ьар ғой
+2 дауыс
http://www.kaztrk.kz/rus/news/obschestvo/Sakaldi_apa.html
Өтірік салып алуы да мүмкін ғо
Белгісіз
+1 дауыс
"Қасқыр синдромы" деген бар ғой, ондай адам маймылға көбірек ұқсасада неге қасқыр синдромы дегенің білмедім... Жақын ағайындар бір бірімен үйлене берсе хромосомада ауытқу болады, содан пайда болатын аномалиялар ғой
+1 дауыс
олай болатында шығар
0 дауыс
http://zamana.kz/akparat/1180-sakal.html
0 дауыс
Ия. ондай адамдар бар, оның себебі адамда  прогестерон және тестестерон деген гормон болады
прогестерон гормоны әйелдердің бүкіл болмысына, ал тестестерон ерлерге тән белгілеіне (сақал, мұрт, дауыстың жуан болуы т.с.с) жауап береді. егер әйелде тестестерон гормоны көбірек бөлінетін болса (патологиялық жағдайда) ол әйелден еркектік белгілер байқалады, ал ерлерде керісінше ............
0 дауыс
Мен банкоматта бастық көкем бар.Соған барып тұрамын.Қазалыдағы бар адам сонда.Мен сонда мұрты бар әйелдерді күнде көрем
...