+7 дауыс
8.2k көрілді
Жақында бір газеттен "Титаник" туралы оқығаным бар. Алып кеменің апаты алдын-ала ұйымдастырылған екен-міс. Бұл қаншалықты шындық?

3 жауап

+9 дауыс

 imageӨткен ғасырдың басында орын алған аса ірі апаттың бірі, «Титаник» жо­лаушылар кемесінің суға бат­қанына биыл 99 жыл толады. Алай­да «Титаник» трагедиясы әлі де жұм­бақ қалпында. Әрине, «суға бат­пайтын» алып кеменің алғашқы са­парда-ақ құрдымға кеткені жө­нін­де небір болжамдар айтылды. Бірақ әлі күнге нақты дәйек жоқ. «Титаниктің» апаты қан­шама кі­тапқа, көркем және де­ректі фильм­ге арқау болды. Бі­реу­лер алып ке­мені көркемдеп кино етіп шы­ғарып, қырғын пайда көрді, мил­лиардтаған долларды қалтасына басты.
Жалпы, өз кезеңінде әлемді дүрліктірген «Титаник» трагедиясы жөнінде әлі де талай аңыздар, апатқа байланысты болжам, топ­шылаулар айтыла бермек. Со­ның бірі былайша өрбиді… Алды­мен, «Титаник» кемесі жөнінде қыс­қаша мағлұмат бере кетелік. «Ти­таник» расында алып кеме еді. Оның ұзындығы — 268,98 метр, ені — 28,2 метр. Төрт трубасы бар. Биік­тігі 11 қабатты үймен тең, ұзын­дығы қаланың төрт кварталы болатындай еді. Елу мың аттың күші бар кеме сағатына 25 узел жыл­дамдықпен жүру мүмкіндігіне ие болатын. Лайнерде 762 каюта ор­наласқан. Сондай-ақ кеменің екі қабатты қорғанысы, 19 су өткізбей­тін құ­дығы болды. Осының өзі-ақ алып кеменің «суға батпайтын­дығына» дәлелі еді. Бірақ…
Алып кеме алғашқы сапарда-ақ — сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Атлант мұхитының солтүстік ай­мағында айсбергке соғылып, апатқа ұшырады. Борттағы 2224 адам­ның 711 құтқарылып, қалған 1513 адам суға кетті. Бұл әлем жұрт­шылығын дүр сілкіндірді. Енді осы­ған бай­ланысты аңыздарға ке­лейік…
Аңыз көп. Дені ойдан шыға­рылған, шындыққа жанаспай­тындары да жеткілікті. Бірақ кезін­де көпшілік ескермеген дерек-дә­йектерде соңғы кезде айтыла бас­тады. Бұл соның бірі. «Титаник» тра­гедиясынан көп бұрын Нью-Йорк­тегі «Арчибальд Уэлш и К°» бас­пасынан Морган Роберсон деген теңіз капитанының суға батқан кеме жөніндегі фантас­ти­калық кітабы жарық көрді. Дәл сол кезде оған ешкім көп мән бере қой­мады. Бірақ «Титаник» апатынан кейін ол кітап қолдан-қолға тимей оқылатын бестлерге айналып жүре берді. Баспа кітапты оқырмандар­дың сұрауы бойынша қайта-қайта басты. Баспагер мол қаржы тапты. Белгісіз капитанның сүйкей салған шатпағында не құпия бар еді? Қы­зығы кітаптағы суға батқан кеме «Титан» деп аталыпты. Тіпті барлық техникалық анықтамалары «Ти­таникпен» тең болған. Лай­нер­дің ұзындығы, жолаушылардың, құрт­қаруға арналған қайықтардың саны, сондай-ақ өзге де құрал-жаб­дықтар дегендей.
Кітаптағы «Титанда» айсберге соғылған. Бар керемет осында жа­тыр. Оқырман қауым кітаптағы оқиға көп жылдан соң, әлемдегі алып кемеде дәл сол қалпы қай­та­ланғанына таңғалған. Екі оқиғаны байланыстырып тұрған әлде бір тылсым күштің бар екеніне көз жеткізген. Бұл — жеке әңгіме.
Жалпы, «Титаниктің» жар­намасы ХХ ғасырдың басындағы елді дүрліктірген керемет болды деуге негіз бар. Сол кездегі Батыс­тың барлық жетекші басылымда­ры ғажайып кеме жөнінде жарыса жазды, кеңінен жарнамалады. Кеме иесі жарнама үшін ақшаны аямады, суша шашты деуге болды. «ХХ ғасырдың ғажайып лайнері, керемет әспеттелген — 762 каютасы бар. Кемеге 44 тонна мал мен құс еті, 35 мың жұмыртқа, 40 тонна кар­топ, 27 мың шөлмек сыра, қым­бат шараптар, 5 мың тонна қант, өзге де көптеген азық-түлік сиятын. Не ішем, не жеймін десең де еркіңде. Сондай-ақ кемемен 10 ірі миллионнер сапарға шығады. Олар сейфтерге салып жүздеген миллион доллар, қымбат заттар, алтындар ала шықпақ. ХХ ғасырдың суға батпайтын ғажайып, жұмақ ке­месімен сапар шегуге асығыңыз­дар» деген секілді жарнамалар га­зет беттерін алып кетті. Расында, мұн­дай жарнаманы оқыған кісі « Ти­таникпен» сапар шегуге асықты. Шын мәнінде ажалына…
Сонымен… 1912 жылы 10 сәуір күні түс кезінде «Титаник» жолға шық­ты. Кемеде 2224 адам бар еді. Сапардың төртінші күні кеме радистері жол-жөнекей өтіп бара жатқан өзге кемелерден «жақын маңда айсбергтер бар, сақ бо­лыңыздар» деген белгі алған. Бұл кезде «Титаник» Ньюфаундленд аралынан 450 миль жерде еді. Айсбергтер жөніндегі хабар кеме капитаны Эдвард Джон Смитке жеткізілді. Алайда ол оған аса мән бермеді. Тек кеменің алдында ор­наласқан жолға қараушыларға «сақ болыңдар» деп жай ғана ескерту жасады. Алайда оқиға басқаша өрбіді. Кеме айсбергке соғылды. Қаншама адам опат болды. Дәл осы тұста бірнеше түсініксіз жағдайды ескермесе болмайды.
Біріншісі, сондай алып лай­нер­дің алдына жарық түсіріп оты­ратын мықты шамдардың болмауы.
Екіншісі, жол қарап тұратын матростарда дүрбінің болмағаны. Сондай-ақ көңілге күдік ұялата­тын тағы бір мәселе, кеме айсбергке со­ғылып жатқанда капитанның «ор­таша жылдамдықпен алға жү­ріңдер» деуі. Мұның өзі «Титаникті» тезірек құрдымға жіберу еді. Ка­питан SOS белгісін жіберудің орнына, байларға арналған каю­таның біріне барып, Американың сол кездегі атақты байы Джон Ас­торға «тезірек құтқару қайығына ба­рыңыз» деп өтінуі адам түсін­бей­тін жайт. Тағы бір таңғаларлық жағ­дай, алып кемеде бар-жоғы 20 құтқару қайығының болғаны. Оған небары 1178 адам сиятын. Дәл сол кезде кемеде 1316 жолаушы және 885 кеме қызметкері болған. Лай­нер 3300 адамға арналған еді. Демек, біреу қаскөйлікпен құтқару қа­йығын аз тиеген…
1995 жылы Батыс жазушылары Роберт Гардинер және Дан Вандердің «Титаниктің құпиясы» де­ген кітабы жарық көрді. Сол кі­тапқа үңіліп отырсаңыз, осы ай­тылған және көптеген өзге де де­ректер сөз болған. Мәселен, «Ти­таникпен» сапар шекпекші болған миллионер Пирсон Морганның (кеменің иесі де сол болатын) кеме жүрер кезінде «денсаулығым бол­май тұр» деген сылтаумен жағада қалып қалуы. Бір қызығы, сол миллионер аталған трагедиядан екі күн өткенде түк болмағандай, ашы­насымен Францияның бір ку­рор­тында күнге күйіп, аунап-қунап жатқанын көргендер бар. Тағы бір қызықты дәлел, кемеге тиелуі тиіс небір қымбат картиналардың жа­ғада қалып қоюы. Қазіргі күні сол картиналар Нью-Йорк өнер мұра­жайында тұр. Сондай-ақ кеме жү­рерінен бірер сағат бұрын Мор­ган­ның көптеген байшыкеш серіктері (50 адам) сапардан аяқасты бас тарт­қан. Олардың ішінде неміс құрыш магнаты Генри Фрик, аме­риканың атақты миллионері Джордж Вандербильт те болған. Олар неге сапардан бас тартты? Бұл да күні бүгінге дейін шешілмеген жұмбақ?
Кітапта тағы бір қызықты дәлел алға тартылған. Ол — «Титаниктің» одан бір жыл бұрын жасалған «Олим­пик» пароходымен өте ұқ­састығы. Сапар алдында «Олим­пик» деген жазу алынып, оның орнына «Титаник» деп жазылған» дейді авторлар дерек-дәйектерді алға тартып. Себебі «Олимпик» кемесі суда жүзуді өте сәтсіз бас­таған. Бірнеше мәрте қайранға батып, бір рет ағылшын крейсері­мен соқтығысып қалған. Кінәлі «Олим­пик» еді. Сондықтан ком­пания «Уайт­ стар лайн» ағылшын кемесіне 1 миллион доллар шығын төлеуге тиіс-ті. Бұл ақша сол кезбен са­лыстырғанда аса көп болатын.
Кітап авторларының болжа­мынша, осы оқиға қаскөй жоспар жасауға итермелеген. Сол себепті «Олимпик» пароходы «Титаник» деген жалған атпен рейске аттан­дырылған. Сондай-ақ «Олимпиктің де» «Титаниктің де» капитаны бір адам -Эдвард Джон Смит. «Жолда айсберг бар» дегенге қарамай «бар жылдамдықпен алға жүр» деп бұйрық беруінің негізгі себебі, қа­лайда кемені құрту жоспары еді. Демек, апат алдын ала жақсылап ойластырылған. Кітап авторлары осылай дейді. Осыдан төрт-бес жыл бұрын су астынан Титаниктің төрт мыңға жуық қосалқы бөл­шектері, құралдары жағаға шыға­рылды. Бір қызығы, ешқайсынан «Титаник» деген белгі табылмаған… Кітап авторлары шын «Титаник» «Олимпик» деген атпен 20 жылдан астам компанияға қызмет етіп, 1935 жылы ескірді деп есептеп, бұзуға жіберген. «Титаникке» бай­ланысты тағы бір аңыз былай дейді. «Титаниктің» иесі кемені өзінің жасалу бағасынан бірнеше есе қымбатқа сақтандыру келісім­шартына отырған. Сондықтан кемені қолдан апатқа ұшыратып ақшаны алу әлдеқайда тиімді екенін білген алпауыт «Титаниктің» суға батуын әдейі жасады деседі…
Бұл айтылғандардың шындыққа қаншалықты жанасымды екенін ешкім дөп айтып бере алмайды. Оны енді ешкім дәлелдей алмасы хақ. Тек жұршылықтың о

http://www.kerekinfo.kz/blog/2201.html
+3 дауыс
Британик пе?  Титаник пе ?....................................
Британик пен Титаник екеуі де екі бөлек сияқты.Тек бір-біріне ұқсас, үлкен кеме болуы керек.
Біріншіден Британик! екіншіден ол Титаниктен кейін жасалынып шыққан улкен кеме (лайнер) Британияда бірінші дуниежүзілік согыс кезінде жаралыларды және согыс каруын тасымалдауда пайдаланылган кеме! Немістердін кесірінен суга батып кетті. Интернеттен БРИТАНИК киносын карандар коп малімет білгілерін келсе!
0 дауыс
фильмнің соңғы жағында айтылған:" кеме суға батса құрастырған адам жасауға кеткен атқашан 10-20 есе көп ақша алады(страховка). осыдан ақ түсінікті ғой кеменің суға әдейі батырылғаны
...