–2 дауыс
Қазақстанда 100 %  қазақша сөйлейтін адам бар деп ойлайсызба???мысалға менің өзім 100% білмеймін,ойларыңызды білейн дегем
26.05.2012 807 қаралым

8 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Осындай да жауап бола ма,     Zha ,сен өзің Ресейдің  бодауында болып па едің? Болсаң саған сол кезде қазақша сөйлеме жеп зорлады ма, болмасаңдар сеендерге қазір таза қазақша сөйлеуге кім кедергі келтіріп отыр. КСРО кезінде оқып тәрбие алғандардың ең жас дегендерінің өзі қазір қырық жасты еңгеріп қалды, олардың 90 пайызы таза қазақша сөйлейді, ал қазіргі жастардың шалақазақ болуына кім кінәлі, оны өз саналарыңнан іздеңдер. Құр сөзге жаны құмар,тілін безеп, көрмегегнін көргендей,білмегенін білетіндей қылып сарнайтын, кінәні біреуге артуға дайын тұратын заржақ жастар көбейіп кетті. Жақсы ойлайтын,жақсы талдайтын,түсінігі бар жастар да бар, бірақ солар аз-ау осы.
07.06.2012
Кім кінәлі? Ал тауып көрейік осы сұрақтын жауабын!!! Ресейдің бодауында болғанда қазақша мектеп көп болды ма а? Айтыңызшы осыған? Тарихты оқысам жүрегім қанжылайды.
Ал мектепті қараңыз, жұмысқа тұрудың өзі қандай? Жұмысқа тұру үшін аппақ бланктін бетіне орысша жазасын. Қазірде Қазақстанда қазақ тілінен көрі орыс тілі басымырақ болып тұр. Оны жасырмауымыз керек. Қарапайым нәрселердің бәрін орысша жасады.
Бұл пікіріме қарсы емессіз деп ойлаймын. себебі бұл ащы да болса шындық. Ақиқат әріден ащы!!!
+1 дауыс
Бар болса бар шығар 1-2 адам. Қалған қазақтардың бәрі қазақша біліп тұрса да кем дегенде арасында орыстың Уже деген бір сөзін қосады.
26.05.2012
Неге жоқ? Бар әрине! ҚАЗАҚСТАНДА патриотты жастар жетерлік! Тіл- ұлттың жаны!!! Жүрегі "ҚАЗАҚ" деп соққан жастар тек қана қазақ тілінде сөйлейді!!!
Аитпакшы сол Уже , Почти деген создин казакша баламасы калай
+3 дауыс
бір-екі адам ...сонша жермен жексен екенімізге сенбеймін.  

БЕС  миллион автохтонды халықтың бір ......  бір....... 5/1-і Таза қазақша сөйлейді-мыс... Миллион!
26.05.2012
0 дауыс
Менің ойымша 100 % таза қазақша сөйлетін,тек біздің ата - әжелеріміз сияқты..ал басқалары FatherHacker айтқандай  орыстың сөзін араластырады..
26.05.2012
+3 дауыс
Әрине бар мен оған сенімдімін. Енді кей кезде болатын шығар арасында орысша сөздер. Бірақ мен өзім қазақ тілінің 75-80%-ын толық білемін десем қателеспеймін.
26.05.2012
мен де!!!
0 дауыс
талай жыл Ресейдің боданында болған мемлекетте кім таза қазақша сөйлейді дейсіз. Ондай таза қазақша адамдар тек ауылдық немесе қырдық жерде деп ойлаймын. Бірақ көп емес шығар.
26.05.2012
+2 дауыс
Әй, осы сөйлейтін адам бар ма?-деп атой салғанша әрбір қазақ  қазақша сөйлеуді өзінен бастауы керек. Сіз сөйлейсіз тап-таза қазақша, сізге еліктеп тағы біреу, оған еліктеп тағы біреу. Міне, солай қазақтардың барлығы делік 100 пайыз қазақша сөйлейтін болады.
07.06.2012
0 дауыс
Бар!!!! таза қазақша сөйлейтін 2 адамды жақсы білемін!)
07.06.2012
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы