+1 дауыс
547 көрілді
Жігітіңе бағынған дұрыспа?яғни бір жаққа баратын болсаң сұранып.. дегендей?

8 жауап

+1 дауыс
*Жігітіңе бағынғаның дұрыс деп ойлаймын,сен одан сұранбасаң тіпті ренжіп,ашуланып қалуы да ғажап емес.*
0 дауыс
Хе хе хе дұрыс болар. Қызға қырық үйден тиым дейді ғо. Бір жағынан жігітіннің мінезіне де байланысты болар деп те есептеймін.
+3 дауыс
Меніңше,ол бағынуға жатпайды.Сенің немен шұғылданып жүргеніңді  оның да біліп жүргені дұрыс сияқты.Ол сүйгеніңе деген адалдығың,сенімің болып табылады.Сенім бар жерде бәрі де болады.
Керемет жауап!!!+1
0 дауыс
Ия, мен сұранамын, кейде жыным шығады жігітіме, ызаланамын, өзі қайда бара жатса мен оған қарсы болмаймын, талқыға алмаймын. ал ол болса мені ешқайда жібермейді, тек туысқандарыма ғана барамын и то соны өзін сұранамын, туу
+1 дауыс
Ия, бір - біріңді сыйлап,өтінішін орындап жүргенге не жетсін, өйткені сүйген адамда қызғаныш сезімі болады,бір жағынан өзі бара алмаған жерлерге сүйгенін жібергісі келмейтіні хақ.Айтарым,әңгіме бағынуда емес,сыйластықта..
Рахмеет жауаптарыңызға!
+1 дауыс
әрине бағынған дұрысқой еркектің айтқаны болғаны дұрысқой
0 дауыс

Бағыну деп қатты айтылған. Тек бір-бірінің айналысып жүрген істеріңнен хабардар болып тұрса болмайды ма? әрбір адамның өз таңдауы болады, қалаған жаққа барғың келсе біреуден рұқсат сұрау ақымақтық. Бірақ ата-анаңнан сұраған жөн.(өзім солай ойлаймын)

0 дауыс

Жалпы бағынған деген сөз шыныменде біртүрлі естіледі екен.Меніңше қызбен жігіт жүрген кезде,не қыздың айтқаны заң не ұлдың айтқаны заң деген әңгімелер айтып қажет емес сияқты.Кей жағдайларда ол менің айтқанымды істемеді мен неге істеймін деп болмашы нәрсеге ренжісіп айрылысып жатқандары бар.Сондықтан меніңше қызда жігітте бір бірінің пікірін тыңдап бір бірін түсініп сыйлағаны жөн.Жігіттің қызды тыңдағаны ол подкоблучник болып қалғаны емес .Немесе қызды жігіт жұдырығында ұстағаны емес .Ол бір бірін түсінудің, құрметтің ,шынайы махаббатың ,сыйластықтың белгісі деп ойлаймын.

...