+1 дауыс
2.8k көрілді
Түске сенген дұрыс па? Шындыққа жанаса ма?Түс көріп жатып, оянып кетіп, келесі күні сол түсті жалғастырып көру неден?

4 жауап

+1 дауыс
Жалғастырып көретін бағың бар екен. Мен жалғасы тұрмақ, басын еске түсіре алмаймын. Сену-сенбеуің өзіңнің еркің. Шындыққа жанаса ма ? - сұрағыңа ойлы ғалымдар да нақты жауап бере алмайды-мыс. "ТҮС деген түлкінің  ...оғы ", - демекші, ТҮС-ті жай ғана біздің физиологиялық қасиетімізге орай   уақыт пен кеңістіктегі түсініксіз құбылыс деп есептеп, бас қатырмауыңды сұраймын.))
Рахмет!)))
Бірақ, жақында бір қыз сол түс арқылы неше түрлі атақты адамдарды көріп 7 тілді біліп алған жоқпа?!
0 дауыс
Түске сенген - ертегіге сенгенмен тең санаймын өз басым. Жалғастырып 3 түн бойы бір түсті сериал сияқты көргенмін :)
Қысқаша мазмұны:
1 түні. Бір адамды байқаусызда тапаншамен атып тастаппын.
2 түні. Сол қылмысым үшін полициядан Қарағандының ішінде қашып жүрмін (кейбір жерлері "Адреналин" фильміне ұқсас болды:))
3 түні. Мені ұстап алыпты. Сотта ақталып шықтым әйтеуір.
Солай... Неден екеніне көңіл аудармадым. Негізі, көбінесе, күндіз не жайлы ойлап, қобалжып жүрсең, сол жайлы болады түсің.
0 дауыс
түске сену,оны жору дінге қайшы,яғни,ширкке (Аллаға серік қосуға) жатады.
+1 дауыс
Түс көріп оянып, келесі күні қайта жалғастырып көретін адамдар баршылық!!!
Бірақ оның неден екенің кім білсін?!
адам түсті неге көретінін әлі ешкім білмейді сондықтан өзің біл негізінде біреулер айтад:жақсы түсті алла ал жаман түсті шайтан жіберед дейт!
...