+1 дауыс
12.5k көрілді

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
"Жезденің жақсысы әкедей "деген сөзге толық келісемін. Мен мысалы әкеммен сөйлескеннен гөрі,жездемнен ақыл сұрағанды жөн көрем.
0 дауыс
Досым:
<br>
- "Жездемді көрдім. Әкемді көрдім. Айырмашылық байқамадым ",- дейтіндердің сөзіне ұқсайды. Әлде жанама мағынасы бар ма ?
Өз басым Әкемді Анамнан кейінгі жан деп танимын. Ал Жезде " Екінші кезекте - Туысқандар"-дың құрамынан орын алмақ. Әкем Мені бағып-қағып-соғып-бұғып-ақыл айтып  өсірді. Ал жездем  ...............ал жездем балдызындай көрді.бітті. мля.
сіздің жауаптарыңызды осы сайттан өз еркімен жойылып кеткен қымбатты жанға ұқсаттым. Не дейсіз?
қателестіңіз) _ @temporary_  Сіздің  пікіріңізден  осы сайттың ақылы көркіне сай қымбатты жанды таныдым.
;)
тіркеленіңіз кеше, бірден маман дәрежесін алғаныңызға күдіктеніп тұрмын
күдіктенуіңіз бекер-ақ, Ханым. "кеше" ештеңені шешпейді. . . кешені талқыға салмай, болашаққа ұмтылайық. Қалыңызды білуге  құмартып тұр, Бәрекелді ... ??
дҰрЫс дҰрЫс ықықықық
<a target="_blank" href="http://smayliki.ru/smilie-863220135.html"><img src=" ></a>
0 дауыс
Мүлде келіспеймін!!!!Мен үшін әке мен жезденің  орны жер мен көктей!!!
0 дауыс
Бұл сөз сонау бір кездегі балалар атасы мен әжесінің қолында өсіп, әке-шешесінің баласын құшақтап-сүюге құқы шектелген (енді ешкім жоқта баласын құшақтап сүйп алатын болыпты)заманда айтылған сөз ғой дим. Ол кезде шешесін жеңге, әкесін аға дейтін. Немесе апа-жезде. Ал, қазір ше?! Қазір ата-әженің орны мен әке-шешенің орны бір бөлек қой. Ата-анасынан қысылмай-ақ жастар өз балаларын аймалай беретін болды. Шынымды айтсам, мен әкемді жездеммен ешқашан салыстырмас едім, ешқашан! Бөтен ғой жезде деген, бөтен!
0 дауыс
Қазақта нақыл сөз бар: "Жезденің орны әкеменен тең" Біз бұл сөздің астарында не жатқанын білмейтіндіктен, осылай ойлаймыз. Бұл сөзді айтар да ойланып айтқан шығар. Қалай ойлайсыңдар? Мысалы, туған тәтеміз болса, сол тәтеміздің жары бізге жезде болады, ал кыз тілекші, әйтеуір жиған-тергенінің бәрін мамасына, бауырларына беруге тырысады, әрине, мұны жездесіде біледі беріп жатканын, сосын айткан шығар, әкесі ретінде қамқор болады деп...
дұрыс айтасыз, жауабыңызға ризамын
0 дауыс
Ана деген баланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, түн ұйқысын төрт бөлсе де қыңқ демейді. Ал, əке баласының ыстығы 39°  көтеріліп жатса да қамсыз карта ойнап жүре береді. Сондықтан, əкенің жақындығы жездедей-ақ деп бекер айтпаған болар.
0 дауыс
"Əкенің қадірі жездедей-ақ "Əкенің қадірін жездеге теңеген қазаққа бір жағынан таңым да, қарсылығым да бар.

Біріншіден, бұл сөзді жезделі болғанда білерсің дейді ғой.Жезде мен əкенің айырмашылығы жер мен көктей.Асқар тауымыз əкеміз-біздің осы өміріміздегі тірегіміз.Өз тірегімізді жездемен салыстыру меніңше өте қате ой.Өзін жездедеймін деп есептейтін əкеге де екіойшылдықты тудырады  деп те ойланамыз .Өз əкемізді жездеге теңеуге алдымен ойлану керек деп есептеймін.
Екіншіден жезде ол қарап отырсақ, жезделілігін атқарады емес пе? Жезде тек біздің əпкемізді алып, соны ойлар кісі.Былайынша айтқанда, бір-бірге қам жейтіндей байланыс,қарым жоқ. Ал əке ол өмірлік сенімді,салмақты жан.Мана айтқанымыздай біздің өміріміздегі маңызды рөл атқаратын адамдардың қатарынан.Біздің өміріміз үшін аса қам дей алады.

Сол себептен мен осы кателіктің ескерілгенін қалай отыра, өз келісімділірімді жеткізбекпін.Əке-жезделерімізді қазір тұтайық бастысы!
0 дауыс

"Әкенің жақындығы жездедей ғана" деген сөздің ешқандай мағынасы жоқ.

 Негізі "Әкенің жақсысы жездедей-ақ деген сөз бар. Басында бұл сөзге мен де келіскен жоқпын. Бірақ, академик Асқар Жұмаділдаевтың "Алтын көрсе періште жол таяды" деген сөзді философиялық тұрғыда керемет түсіндіргенін естіген кезде, қазақ мақалдарына басқаша қарайтын болдым. Ол кісі айтады періште алтын көрсе, алтынды алмайды, керісінше ол жолдан бұрылып кетеді, яғни ол жолға жоламайды. 

     Бірақ өкінішке орай бүгінгі күні бұл мақалды басқаша пайдаланып, коррупционерлер өздерін жұбатып жүр. Бұл дұрыс емес.

Ал енді "Әкенің жақсысы жездедей-ақ" деген сөзге келейік. Не үшін қазақ әкені жездеге теңеп отыр? Жезде деген кім? Әке деген кім? Жезде сенің әкпеңнің жары, ал әке сенің анаңның жары. 

   Ал енді жездең қай уақытта жақсы болады Егер әкпеңді ренжітпесе, ұрмаса, жанұясында бәрі жақсы болса  ол жақсы, егер керісінше болса ондай жездені ешкім жақсы көре қоймайды.

  Тура сол сияқты әкеңде анаңды сыйласа, ренжітпесе, жанұяда бәрі жақсы болса онда ол жақсы болады. Керісінше болса ондай әкені ешкім жақсы көре қоймайды.

  Менің ойымша осылай. Ауызы дуалы біздің билер, шешендер бұл сөздерді бекерден бекер айтқан жоқ. Мүмкін әкесі жақсы кісілер менің бұл ойыма келіспеуі мүмкін, бірақ бес саусақ бірдей емес, өкінішке орай мына нарық заманында  жаман әкелерде  көбеюде.

...