+2 дауыс
922 көрілді
Қазақпыз. Қанымыз бір, жанымыз бір, тәніміз бір.  Бірлігіміз жарасып-ақ тұр.  Өзімізге тән менталитетіміз бар. <s>жоғалып бара жатқан...</s>
<br>
Бір Сауал: Енді ҚАЗАҚ атымызға толықтай сай болу үшін не істеуіміз қажет ? . . .
Айтаберде айтылыпты , дегенмен. . . . Айтып үлгермеген  қолданушыларға сұрақ ?!!!!

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ таза қазақ тілінде сөйлегенде ғана қазақ бола алады.  Қоғамды шала қазақтықтан арылтуымыз қажет.  Ол үшін жоғарыда отырғандар тілге деген саясатты өзгертуі қажет. Қазақ тіліне аса жоғары мән беріліп, орыс дейме, ағылшын дейме сондай тілдерді ресми деген дәрежелерінен айыру керек. Бұл тілдер елімізде мұндай дәрежеге ие боп тұрғанда қазақ тілі ешқашан дамымайды, қысқасы тек жалғыз қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялау қажет. Ресми тіл, анау-мынау қажет емес....  *Ахмет Байтұрсынұлының* мынандай сөзі бар: "Тілі жоғалған халықтың өзіде жоғалады"  деген. Тілімізді жоғалтсақ қалай қазақ атанамыз, қалай қазақ болып жүреміз?? Қазақ деген атымызға сай болу үшін қазақша сөйлейік....
Келіспекпін. Жақсы толғам-у-й.

Дұрыс айтасың!
Украин депутаттары кеше, яғни бейсенбі күні өткен парламент отырысында төбелесіп қалыпты. Неге? дейсіздер ғой. Орыс тіліне мемлекеттік деген мәртебе берейік дегенге ыза болып, украин тіліне, ұлтына жанашыр депутаттар қарсы шыққан көрінеді. Тіпті аяғы төбелеске ұласқан көрінеді.
Ал бізде қалай? Баяғы жартас сол жартас, тіл мәселесі сол қалпы!!! Депутатардың өзіде шала қазақтар. Сонда біздің депутаттар не бітіріп отыр өздері? Тіл мәселесінен, тоқал алу мәселесін  жоғары қоятын депутаттардан не  қайыр, не көмек күтеміз сонда.... ал Украин депутаттарының төбелесі туралы [мына жерден][2] оқи аласыздар.
![сурет][1]
[1]:
[2]: http://news.nur.kz/218908.html
Мен де осы мәселе жөнінде қатты айтқым келіп еді.Екеуміздің ойымыз бір жерден шықты.Украиндер сондай ұлтшыл халық қой.Мәдениетін сақтап қалу үшін бәріне де барады.Неге біз осылардан үлгі алмаймыз? Неге бізде тіпті қазақ тілі тестіінен 100 қате жіберетін депутаттар отыр? Неге бәрі таза қазақша сөйлемейді? Осы тақырыпты қозғасақ жэақсы болар еді.
Өй біздің депуттарлың бәрі совет кезіндегі адамдарғой бастары қатып қалған совет пропагандадан Ресей Мәскеуге қарап қалған,оданда Жапония Германия сияқты мемлекетерден үлгі алмайдыма,`information war` қалай қазақ тілін дамытады егер барлық кино сериалдар орыс тілінде болса қазіргі жастарды білесіздер бәрін телидидардан сіңіріп алады!! шетелден миллиондарға вилла сатып алмай қазақ тілінде сапалы каналдар ашпайдыма мен түсінбеймін қаным қайнайды осыны ойлағанда.Сосын үйреніп қалған пропаганданың кесірі 70жылдың,орыстар бізден қарағанда бастары жақсы жасайды ж.т.б. заттар сіздер көшпенділерсіндер блаблабла біздер сіздерді уиреттік.....деген сияқты әнгіме оян 21ғасыр бәрі дайын тұр интернетте барлық өмірдегі информация дайын тұр бәрін үйренуге болады мен мысалы ағылшын тілін интернеттен уйреніп алдым.


P.S.телидидарда кілең батыстың либералдық шіріген заттар көрсетіледі мысалы ата-аналармен отырып қара алмайсың жалаңаш секс `stupid american comedy` және соған уқсап `Russia's copied to the west comedy`......
иә сұмдық, өте ұят жағдай.... Ақпараттық соғыстағы қазақ тілінің жағдайы өте ауыр.... 20 жылда әрең дегенде ашылған жалғыз қазақ тілінде көрсететін телеарна бар екен... Қазақстан ұлттық арнасы..... Оның өзі оңып тұрғаны шамалы, кілең түрікпен корейдің сериалы, жаңалығы судырата соққан өтірік болған бұл телеарнаға мүлдем көңілім толмайды. Иә орыстар бәрін батыстан көшіреді, ал біздің ақымақ ел басшылары мен зиялылары сол орыстан көшіреді....
+1 дауыс
Менің ойымша  көралмаушылықтан арылуымыз керек!!!
Мммммм..және дөрекіліктен десей) _ рахмет жауабыңа.
+1 дауыс
Тарихқа үңілер болсақ, қазақтың басы ешқашан бірікпеген. Бұл ащы шындық. Руға, жүзге бөлінген. Қазір де солай. Оны қоя тұрып қазір қала, аудан, район болып бөлінетін болған. Тіпті бір қала тұрып мектеп, колледж, лицей болып қырыламыз. Бұл дұрыс емес. Ең әуелі жұдырықтай жұмылуымыз керек!
Бірлік мәселесін бірікпегендерге қалдырайық.
Орында жауап. Рахмет.
Біріккендер, бірікпегендер... Бұл да бір бөліну
басым-ай. . .
.ұнады пікірің.
+1 дауыс
Қазақ болып туылғасын қазақша сөйлеп, бір-бірімізге көмектесіп, бірлесіп жұмыс істесек қана ҚАЗАҚ атына сай  боламыз деп ойлаймын. Өзі бақандай 16000 миллион халық бірлеспесек онда жан-жаққа тарап кететін болармыз.
16000 миллион ?
Рахмет.
Ал енді бірлесудің амалын қарастырып айтып көрші:
........
........
........
.........
........
.........
........
........
Бірлесу дейсіздер, бірақ неге қандастарымызды  (оралмандарды)  кейбіреулеріңіз шеттетуге тырысасызлар?Тіпті оралмандарды басқа ұлт өкіліне балайтын адамдарды да көрдім...
Оны сол кейбіреулерден сұра)
ия сол кеййбіреулерден сұраныз.
Сұрап та көрдім...Қанағаттанарлықтай  жауап алмадым...Туған жері басқа-дейді! Олар туған жерлерін өзі тілеп алған жоқ  ғой...Әрине, мен бұл сұрақты қандастарымызды көзге ілмейтін, басқа ұлт-деп санайтын адамдарға қойдым...
Мен де сізбен келісем.Сол кейбіреулер неге олай етеді екен?Мен ондай талай адамды көргем.Өзбектанна келгенді өзбек деп,Түркменстанды түркмен деп,қалпақ деп.Не пайда солай айтқаннан?Бәрібір қаны оның таза қазақ қой.Тек өз туылған жеріне үйреніп қалып,тілі шорқақтау боп тұрса да.Оның да есімі қазақ,әке-шешесі қазақ,Тіпті руы да бар.
Дұрыс айтасыз, шет елден келген қандастарымызды шеттетпеуіміз керек. Бірақ солардың кейбіреулерінің (көпшілігінің) бүйректері басқа жаққа бұрып тұрады. "Біздің Өзбекстанда..." деп сөйлей жөнеледә де, ақырын Қазақстанды жамандап аяқтайды сөзін. Сондай адамдарға тап болсам ыза болмын! Сонда да жақын тарту керек шығар, қазақ бауырларымыз ғой қайткенмен...
+1 дауыс
Өзіміз - өзімізге жау болғанды қоюымыз керек.
+1 дауыс
арине қазақпыз, тек атымыз ғана... неге олай себебі казіргі кезде қазақтардың өзі өзге ұлтқа еліктеп не жасамай жатыр ?... ен біріші тіліміз олда курып бара жатыр, екіншіден ар-ұятымыз, намысымыз , бари барин ұмытып бара жатырмыз, сондықтан алдағы қазақ елімізді таза қазақ болуымыз біздін қолмызда емеспа достар? биримиз тилге биримиз динге биримиз уятты жерлерімізді жауып қазақ деген атқа ие болатындай дәрежеге жету, сол үшін абден ойланайык болашақ қазақстанды басқаратында биз
+1 дауыс
Көре алмаушылық,жалқаулық,тойымсыздықты қоюымыз керек!
+1 дауыс
қазақ онсызда қазақ қой шіркін ай шіркін
+1 дауыс
Қазақ ең алғаш қазақ тілін көтергенде қазақ қазақ болады
қазақ қашан қазақ болады??
Қазақ қашан біз бауырмалмыз біздің құшағымыз кен деп бүкіл озбек башқұрт татар ап мемлекеттін қашқан құтқандарын жинамай отырғанда қазақ боламыз!!!
0 дауыс
Қазақ болып қалыптасу оп оңай ғой, ол үшін әр қазақтың жанұясында 6-7 баладан туылу керек!    Қыз келіншектердің құлағына алтын сырға. Егер Қазақтың саны Қазақстанда 80-90 пайызға жетпесе тіліміз құрып бітеді. 40 миллион қазақ болсақ біз ұлы державаға айналамыз.
...