+1 дауыс
Сол өлеңді тауып беріңдерші?
25.05.2012 9.6k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
[КешYou - Домбыра туралы баллада][1]


 


  [1]: http://muzofon.com/search/домбыра%20туралы%20баллада
25.05.2012
Ол емес па не? неге . -1.  м?
Мен ба не?мен емес!
Кім қойса да,себебін жазып кетсеңіздер.Арманшыл КЫЗ! сен қойдың деп айтқан жоқпынғо
неге -1 дегесін да! Кім қойсада аспанда Құдай қарап тұр!
+3 дауыс
ә. Кеңес Дүйсекеевтікі
с. Шөмішбай Сариевтікі

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
26.05.2012

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы