0 дауыс
712 көрілді
Салемтетсіздерме достар. мен бұл сайтқа жаңадан қосылып тұрмын. Мұндай сайттын бар екенін де білмейді екем. Сендермен өзімнің ішкі күйзелісімді бөліскім келеді. Соңғы кездері мені ар түрлі жайсыз жағдайлар мазалап жүр. соңғы кездері тіпті өмірден шаршапта жүрмін. Өзімді жалғыз айдалада адасқандай сезінемін. Достарым бар ата анам бар біріқ маған бірдеме жетпей тұрғандай. күнде бір көрініс қайталана береді. Таң ерең тұрып жұмысқа бару, одан үйге келу ұйқтау... солай солай қайталана береді. өзім сезімталмынба әйтеуір көп ойлана берем. ертенгі болашақ жоқ сияқты көрінеді. мен бақытты бола алмайтында сияқтымын. достарымның жартысы тұрмысқа шығып жатыр, біреуі жұмыс біреуі тұрмыс ар ким өз тірлігімен. ешқайсында уақыт доқ. ал мен уақытымды қалай өткізерімді білмеймін. ештеңеге қызығушылық қалмағандай. жұмысқа да уйгеде, достармен қыдыруғада. мына өмірде не үшін өмір сүріп жургенімді де білмей қалам кейде? неге неге маған өмір қызықсыз. Қалай ойлайсыздар?

7 жауап

+2 дауыс
Шегі жоқ шөл ешқашан болмайды. Ешкім ешкімнің көңілін аулауға міндетті емес, ешкім ешқашан себепсіз қиналуға тиісті емес. Барлық адамға қуаныш пен рахатты бере салмаса да, қуанып жүруге, рахат өмір сүруге мүмкіндік берген. Бұған бәрі де құқылы, бұған мүмкіндік бермейтін, тек адамның өз санасы ғана дегеннен басқа айтар жоқ.
+1 дауыс
Меніңше сізге жігіт жетіспейтін секілді)))). Бос уақытынды достарынмен және сүйген жігітінмен өткізбейсін бе?
"Достарымның жартысы тұрмысқа шығып жатыр" дит, ер адам осылай жазбайды ғой, пікіріңді қарама қарсыға өзгерт)
хехе мына қолданушы қыз ба? қайдан білейін хехе, атын дұрыс жазбағасын.
+6 дауыс
Сәлеметсіз бе, Фоти! Өмірде дәл сондай бір кезеңдер болады. Міне, мүмкін қазір сіз сол кезеңнен өту үстінде шығарсыз. Сіз жалпы нешедесіз? Жоғарыда жазғандарыңызға қарғанда әлі жас сияқтысыз - өміріңіз әлі алда ғой! Құдайдың құтты күні кезікпей жүрген қызыққа не бақытқа кенелерсіз. Өзіңіз үшін бір қызықты нәрсе ойлап табыңыз: спортпен айналысыңыз; қызықты кітап-журналдар оқыңыз; жазда достарыңызбен бір жерге қыдырыңыз; кішкентай балаларды жинап алып ертегі айтып беріңіз, оның өзі бір керемет әрі қызық нәрсе! Жалпы айта берсек көп қой! Сіз ғашық болып көрдіңіз бе қарапайым сұрақ? Махаббат та өмірдің мәнін келтіреді. Мысалы, мен кішкентайымнан жетім қалып балалар үйінде өскем. Бірақ сонда да түнілмей басымды тік көтеріп жүрмін. Әке-шешем жоқ болса да достарым бар. Және өзімнің сүйген қызым бар. Ол маған үнемі қолдау көрсетіп жүреді. Менің өмірімнің мәні СОЛ! Мүмкін сізге де сол жаныңызға жақын біреу керек шығар? Негізі дұрыстап айналаға қарасақ бұл дүние тылсым ғажаптарға толы! Тек оны көре білу керек!Барлығы да өзімізге байланысты ғой. Орысша айтқанда Самовнушение деген нәрсе бар. Егер сіз барлығы жақсы, өмір қызық, мен бақыттымын деп ойласаңыз ол солай болады!
айтқандарына келісем, тамаша жауап ұнады ырзамын. қап 1 баллдан жоғары қоя алмаймын
+2 дауыс
Мен де кеп кеше жұмыстан келіп тамақ жеп отырып осындай ойға кеттім де тіпті күйзеліп кеттім, содан бәрі құрысын өлем нақ деп бөлменің қақ ортасына барып жатып алдым, көзімді бір ашсам құстар сайрап жатыр, сағат таңғы алты екен. боолды. осылай бір күнім өтті. стандартты бірқалыпты өмір. иә сұмдық күйзелтеді күнде қайталанатын сценарий. ну енд не дей алам. көрер қызығың әлі алда деп жұбатам енд.  
Ортастаристикалық жанұядан шыққан ортастатистикалық баланың ортастатистикалық өмірінен үзінді.
0 дауыс
Өмірде стресс-ке толы,қорықпа,мұңайма, болашағыңа нық сеніммен қара)
+1 дауыс
*Достар! Өмірдің мәнін сіздерге ешкім әпермейді,және оны сатып ала алмайсыз! Өмірдің мәнін сіздің өзіңіз келтіресіз.Әркім өзі үшін өмір сүреді.Біреу үшін емес.Және бұл өмірде мәңгілік біреудің аузына қарап жүре бермеу керек.Әркім өз тірілігін жасау керек!Алламыздың берген осы өмірімізге,ата-анамыздың бізді дүниеге әкелгеніне,осылай жұмыс істеп,тіпті дәл қазір аман-сау компьютердің алдында отқандарыңызға МЫҢ да БІР шүкіршілік етпейсіз бе? Өмірге де қанағат керек қой.Сіздер өмір сүруден жалығып,мен бақытсызбын деп айта бересіз.Ал бұл өмірден ерте еш қызық көрмей,тіпті бұл дүниенің сәулелі жарығын көрмей кетіп қалған қаншама адам баласы бар.Кішкене өмірдің мәнін,тәттісін көрмеген қаншама сәбилер дүниеден өтіп жатыр.Ең болмаса солардың көре алмай кеткен өмірін жалғастырып,солар үшін,өзіңіз үшін,АТА-АНАҢЫЗ үшін өмір сүрмейсіз бе? Тіпті сіз бұл өмірден кетсеңіз,сіздің артыңызда достарыңыз,құрбы-құрдастарыңыз зарлап қалмай ма? Сондықтан бұл өмірде өз күндегі тірлігімізді жабыраңқы көңіл күймен емес,ЖАДЫРАҢҚЫ  көңіл күймен өткізуге тырысайық! Сонда ғана бәрі де өз орнымен болады!*
Жұмыс істейді екенсіз, ақшаңыз бар. Жігітіңіз жоқ сияқты. Әрине, жұмысқа барып келесіз де, үйге кеп ұйқтайсыз. Онда сізге жігіт қайдан жолықсын? Мұныммен жігіт ізде көшеге шығып деп тұрғаным жоқ. Қыдырыңыз, кешке жұмыстан шыққан соң киноға барыңыз. Шоппинг жасаңыз, қонаққа барыңыз. Уақытыңызға қарап, әртүрлі үйірмелерге қатысыңыз. http://aikarakoz.kz/?p=344 мына жерден бірдеңе түйесіз деген ойдамын. Сәттілік! Бақытты болыңыз!
Кешіріңіз, қателесіп, сізге жауап жазыппын!
0 дауыс
сәлем достар. Менін атым фатима. Арине қыздың аты. жалпы бұл сайтты жаңадан көрип жаңадан кирип тұрған соң еш түсіне алмадым. атымды жазып тіркелейін десем бұл атпен біреу тіркеліп қойған деді. сосын достарым мені Фоти деп еркелетеді сол үшін осылай жаза салдым. ойларыңызды білдіргендеріңізге рехмет. жасым 22де. ия шынында да маған суйген адамымның жылулығы жетпей жаткан болар. бірақ мен енді ешқашан ешкімді суйе алмайтын сияқты болам. себебі мен суйгем, бірақ ол махаббатыма лайықты жауап алмаған жанмын. мүмкін менің неге бұлай түңіліп жүргенім түсініктірек болу үшін басынан бастауым керек шығар.... Университет қабырғасында оқып жургенде 1группада оқыйтын жігітпен жақын достастық. екеуміз сабаққада бірге барып бірге қайтып , тіпті бос уақытымыздыда бірге откізетінбіз. арине тек дос ретінде. қыдырып, кинаға барып тағысын тағы. проблемаларымды сомен бөлісіп, маған ақыл айтып 3жыл достасып журдік. маған омен журген кездері өмір тамаша болатын. Ещкандай артық дотыңда қажеті болмайтын. бірақ еш махаббат жөнінен ангіме қозғалмайтын. өзінің қызыда жоқ. намаз оқитын болған соңба айтеуір артық ангімелер болмайтын арамызда.3жыл арлығында мен оған абден бауыр басып болдым. 4ші курста ол өзінен өзі менен қашқақтай бастады. амандаспайтын хабарласпайтын. звондап, қасына қаншама рет барып не болд деп сурасам еш жауап қайтармайтын. мүмкін біреуді унатып қалған болар деп онысында сұрастырдым. жоқ ешкандай қыз жоқ өмірінде. міне соден 2жыл бойы хабарласпай кеттік. группаластармен жиналғанда корип турамын, бірақ бір бірімізді танымайтын адамдарша түр танытамыз... Содан осы жылы қыста бір жігіт зсондап танысайық дедеі. даусй жанағы досым яғни Бақыттан аумайды. мен журегім тоқтап қалардай Бақыт сенбе десем, жоқ басқа жігіт. содан сол жігітпен танысып сойлесип кеттім. енді адам адамға ұқсайды дегенге сенбейтін едім бірақ ол Бақыт емес басқа жігіт екен. аты Ж.и . Бақыттан аумай қалған жігітті көрип өзім тан қалдым. түрі ұқсамайды арине бірақ даусы қылықтары мінезі соның дал өзі. содан осы жігітпен достаса бастадым. күннен күнге осы жігітпен ангімем жарасты. бір күні бұл жігіттіңде дал Бақыт 2миз дос  болып арласқанымыз сияқты дос қызы бар екенін, тек қана досы екнін айтып қалды. білмейм сол сәтте ана қызды өзімнің өмірім қайталанбасыншы деген ой келдіма айтеур  екуін табыстырғым келді. 2жылдан бері дос екен. бірақ еш махаббат жайлы ангиме жүрмейдідеген сон екеуін б ір бірінді ұнататын шығарсындар. неге сөз салып кормейсың деген сияқты ойлар айттым. міне содан ол қызбен жүріп кетті. мен тағыда жалғыз қалдым. Бақыт қайтпасада соған ұқаған жігіттін қайтқанына қатта  қуанған едім. бірақ бұл қуанышым ұзаққа бармады. дал осы оқиғалардан ейі ешкандай жігітпен танысқымда сойлескимда келмейді. жаңадан танысу жаңадан дос тауып оған үйренісуге менің күшім жетпейтін сияқты. ашуланшақ боп кеткем. кейді өзіме мен осы өмірден дал осылай қызықсыз көңілсіз куйінде өтіп кететін шығармын депте ойланамын...(((((
Фоти, уайымдамаңыз. Бәрі жақсы болады. Денсаулығыңызды күтіңіз. Жолықтырасыз әлі-ақ маңдайыңызға жазған жігітті. Бақытты ойламауға тырысыңыз. Жақсы көретін жұмысыңызбен айналысқаныңыз жөн. Уақытыңызды қызықты өткізуге тырысыңыз.
...