0 дауыс
23.8k көрілді
Бәріне сәлем! Сіздерге сұрағым: теріскен неден  пайда болады және оның емі бар ма?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Теріскен көбіне тәннің ауруға қарсы күресу қабілеті төмендеген шақта шығады. Және де күз мезгілі – теріскен көптеп шығатын мезгіл.

Ол әдетте көздің төменгі және жоғарғы жағында, кірпік арасында пайда болады. Алғашқыда қабақ ісініп, ауру сезімі білінеді.

Көбіне теріскенді сыздауықпен шатастырып алып жатады. Бұл жансақ пікір. Иә, теріскен де бездердің, мәселен көз аясын суландырып тұратын бездердің қабынуы салдарынан пайда болатын жара. Теріскен енді пайда бола бастағанда, адамның дене қызуы көтеріледі. Бұл қалыпты жағдай. Жара біресе қышып, біресе ауырып сырқатты біраз сарсаңға салады. Мұндай халді өзіңіз де басыңыздан кешіріп көрген боларсыз...

Теріскен шыққан кезде тональді крем жағып немесе қарындашпен бояйтын болсаңыз, теріскеннің әбден пісіп, жазылуына кедергі жасайсыз.

Көзіңізген теріскен шыққанын байқаған болсаңыз, міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Теріскен себебін солар жасаған сараптамаға қарап анықтауға болады және қандай ем-дом жасау керектігін де сол сараптама шешеді. Емдеу жан-жақты әрі кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Олардың қатарына түрлі дәрумендерді, антибиотиктерді, тамызатын дәрі-дәрмектерді, пайдалы майлар мен іріңді жуатын сұйықтықтарды атауға болады.

Теріскеннің пайда болу себептері де әр түрлі. Мысалы, кір қолмен көзді уқалаудан, өзге біреудің косметикалық заттарын, сүлгісін қолданудан, суықтан болуы әбден мүмкін.

Дәрігер мамандардың теріскенді үй жағдайында емдеуге тыйым салғандықтарын естен шығармаңыз.

_http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/4683
+1 дауыс
Суықтан деп естуші ем. [Мында][1] анық-қанығымен жазылыпты-мыс.


  [1]: http://malimetter.org/?p=3093
көп рахмет!!!
0 дауыс
Неден пайда болатынын білмедім бірақ қара шаймен және кір сабынмен қайта-қайта теріскен шыққан көзді жуа берсе кетеді
Көп рахмет!!!
+1 дауыс
Суақтан немесе гигиена сақтамағандықтан шығады.
0 дауыс
ол жеке бас гигенасы на да байланысты ғой т,б
0 дауыс
Суықтан және ауыз қуысын дұрыс ұстамағандықтан.Оны кетіру үшін 0,5 cуға 1 қасық  пирикись водовороданы құйып шаю керек немесе 1 фурацилинді езіп шаю керек.теріскен кеткеннен кейін тіс щеткасын ауыстыру керек

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 26.11.2011 Денсаулық сұрақ қойды
+2 дауыс
9 жауап
...