+2 дауыс
58.1k көрілді
Көзге теріскен неден шығады? Оның қандай емі бар?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Теріскен көбіне тәннің ауруға қарсы күресу қабілеті төмендеген шақта шығады. Және де күз мезгілі – теріскен көптеп шығатын мезгіл.

Ол әдетте көздің төменгі және жоғарғы жағында, кірпік арасында пайда болады. Алғашқыда қабақ ісініп, ауру сезімі білінеді.

Көбіне теріскенді сыздауықпен шатастырып алып жатады. Бұл жансақ пікір. Иә, теріскен де бездердің, мәселен көз аясын суландырып тұратын бездердің қабынуы салдарынан пайда болатын жара. Теріскен енді пайда бола бастағанда, адамның дене қызуы көтеріледі. Бұл қалыпты жағдай. Жара біресе қышып, біресе ауырып сырқатты біраз сарсаңға салады. Мұндай халді өзіңіз де басыңыздан кешіріп көрген боларсыз...

Теріскен шыққан кезде тональді крем жағып немесе қарындашпен бояйтын болсаңыз, теріскеннің әбден пісіп, жазылуына кедергі жасайсыз.

Көзіңізген теріскен шыққанын байқаған болсаңыз, міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Теріскен себебін солар жасаған сараптамаға қарап анықтауға болады және қандай ем-дом жасау керектігін де сол сараптама шешеді. Емдеу жан-жақты әрі кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Олардың қатарына түрлі дәрумендерді, антибиотиктерді, тамызатын дәрі-дәрмектерді, пайдалы майлар мен іріңді жуатын сұйықтықтарды атауға болады.

Теріскеннің пайда болу себептері де әр түрлі. Мысалы, кір қолмен көзді уқалаудан, өзге біреудің косметикалық заттарын, сүлгісін қолданудан, суықтан болуы әбден мүмкін.

Дәрігер мамандардың теріскенді үй жағдайында емдеуге тыйым салғандықтарын естен шығармаңыз.

_http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/4683
+2 дауыс
Бала кезімізд көзге теріскен шыққанда екінші қолымызбен көздің сырт жағынан тартқызатын..................
иә, ондай ырым-жырымдар көп екен, қолға қызыл жіп байлау керек дейді тағы да...
Мардымды жауап бере алмасам кешірерсіз! мамандығым Программист емес Дәрігерлік болғанда бұдан әлде қайда ұтымды жауап жазар ма едім кім білсін..................

Жантуған, менің айқайыма құлақ түріп, жауап бергеніңізге көөөп рахмет! кешіргені несі, керісінше ризамын..)) cheeky

+1 дауыс

Көзге теріскен суықтан шығады.

+1 дауыс
басыңды мұздай суға жусаныз міндетті түрде теріскен шығады, суық тигеннен ғой, альбулин или тетрациклин глазной көмектеседі
0 дауыс
Өзім теріскен шыға бастағанда көздің үстіне ыстық нарсе қойып,  көздің маңайын қыздырамын. Мысалы жұмыртқаны қайнатып ыстық күінде шүберекке орап көздің үстінде ұстаймын
0 дауыс
Терискен шыкканда танертен уйкыдан тура сала
0 дауыс

тетрациклин комектеседи !!!!

0 дауыс
Егер теріскен көздің ішінде пайда болса не істейді ?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 26.11.2011 Денсаулық сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...