Жазу тарихында қазақ тілінің
әліпби жүйесі бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткізіп,
ұлттық әліпби деңгейіне
жеткен. Бірнеше ғасыр бойы
қазақ халқы араб
графикасына негізделген
әліпби жүйесін пайдаланып
келгені мәлім. 1929-40
жылдар аралығында латын
графикасына негізделген
әліпбиді жазу жүйесіне
енгізіп, 1940 жылдан бері
қарай кирил графикасы
әліпбиін қолданып келеді.
Ресми әліпбилер
Кирил жазуы негізінде
Қазақ кирил әліпбиі —
көбінесе Қазақстан мен
Моңғолияда
пайданаланылатын әліпби.
Бұл Сәрсен Аманжолов
ұсынған әліпби 1940
қабылданған, 42 әріп енген:
33 орыс әліпбиінің әрпі және
9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ,
Ң, Ө, Ұ ( 1947 ж. дейін бұрын
осы әріп орнына Ӯӯ
пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде
қазақ әріптері орыс әліпбиі
әріптерінің сонында
қойылған, сосын дыбысы
жақын орыс әріптерінің
артына жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957), ф,
Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың
төл сөздерінде
пайдаланылмайды. Бұл
әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек
кеңестік дәуірінде орыс
тілінен, немесе орыс тілі
арқылы енген сөздерде орыс
емле нұсқауларымен
пайдаланылған ( 1990 жж.
бері ресми және жеке жария
ақпараттарда, әдеби
шығармаларда пайдалануы
азая түсуде, сиректеніп кетті).
Х әрпі қазақ фонетикасында Қ
түрінде айтылады. Һ әрпі тек
сиреген араб-парсы кіріс
сөздерінде кездеседі, және де
Х немесе Қ сияқты айтылады.
Е сөздің нағыз басында [ʲe]
дифтонгоиды боп сөйленеді.
Э әрпі әрдайым Е боп
айтылады. О сөздің нағыз
басында [ʷo] дифтонгоиды
болып айтыла алады. У әрпі
буын жасамайтын дыбысты
белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ,
ІУ псевдодифтонгтерді
алмастыру үшін
пайдаланылады.