+3 дауыс
Ноутбуктың желдеткішін (вентилятор) қалай тазалауға болады? Шаң толып қалған ба әлде басқа себебі бар ма, әйтеуір бір гүрілдеген дыбыс шығады.
28.11.2010 735 қаралым

2 жауап

+4 дауыс
Оны тазалағанмен кейда пайдасы тимейді. Егер соған келетін желдеткіш табылса жаңасына ауыстырған тиімді. Ал егерде табылмаса шешіп алып шаңын, тіс шеткасымен тазалап, тігін машинасына арналған маймен жанынан тамызып майлап көріңіз. Осы жағдай көмектеседі деп ойлаймын.
28.11.2010
+2 дауыс
Ноутбук кәдімгі компьютер сияқты емес, тез бұзылғыш, сондықтан оның ішін ашпай маманға көрсету керек.
28.11.2010
Маман да сіз сияқты адам. Әр заттың да нұсқағышы бар. Ноутбуктің де кітабы соған қарап, істеуге болады. Ол жерде рет ретімен келтірген. Маман деп айтасыз сол маманның барі орыс. Ішім ашып кетеді, алдарына барғанда бір шіренеді дейсің. Бірақ барлығына да топырақ шаша алмайсың.
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,008Қолданушы