+1 дауыс
347 көрілді

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, бұл мәселе қазіргі таңда бас ауыртар маңызды мәселе болып тұр. Жастар-елміздің болашағы емес пе? Олар мұндай қадамға неге барады? Себебі неде? Көп жағдайда, біріншіден, балаға толыққанды тәрбие берілмеуінен болуы мүмкін. Себебі, қазіргі ата-аналар таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыста, ал мектептен тыс уақыта жастардың немен айналысатыны, жүрген ортасы қандай екені белгісіз. Сол секілді естияр жасөспірімдердің өмірдегі өз орындарын дұрыс түсіне алмауы. Әсіресе өтпелі кезеңдерде жасөспірімдер өзгелердің ұрысқаны, қатты сөз айтқанын көтере алмай, мұны ауыр көтереді. Кейде тұйық адамдар басына түскен қиыншылықты көтере алмайды,  өзгегеде айта алмады. Бұл да маңызы ссебебптердің бірі. Сонымен қатар интернет пен теледидардағы көптеген террорлық әрекеттер, тағы нашалар, темекілер, алкогольдер... Тіпті кішкентай балаларға арналған мультфильмдерді өздері де атыс шабыс, соғыстар... Мұның бәрі жастардың психологиясына әсер етіп, өз өміріне балта шабуына әкеледі деп ойлаймын!
...