0 дауыс
3.4k көрілді

2 жауап

0 дауыс
липидтер ағзаға энергия көзі,себебі ішінде май қышқылдары бар,
0 дауыс
Липидтер — май тәрізді заттар.


"Липидтер'"
Барлық торшалар құрамына кіреді, тіршіліктің көп процестеріне қатынасады. Биологиялық мембраналардың негізгі құрамдарының бірі болғандықтан липидтер олардың өткізгіштік қасиетіне, оның кұрамындағы ферменттердің әсеріне, иммунологиялық тәнділікке қатынасады. Липидтердің көпшілігі майлы қышқылдардың, спирттердің, альдегидтердің туындылары. Қарапайым липидтер майлы қышқылдар (немесе альдегидтер) және спирттер қалдықтарынан тұрады. Оларға майлар, балауыз, диольды липидтер жатады. Күрделі липидтер,— белоктармен (липопротеидтер), углеводтармен (гликолипидтер), ортофосфор қышқылының туындыларымен (фосфолипидтер) немесе көпатомды спирттермен (глицирин — глицерофосфатидтер, сфингозин — сфинголипидтер) қосылған құрамдар. Күрделі вирустар құрамында қарапайым және күрделі липидтер болады. Вириондардың липидті компоненті торша мембранасынан вирустардың бүршіктеніп бөліну кезеңде қосылады. Олар вирусты белоктармен бірге вирус бөлшектерінің липопротеидті қабығын құрайды.
...