0 дауыс
1.9k көрілді
жәңгір хан басқарып тұрған жылдары қандай елеулі өзгерістер болды?

2 жауап

0 дауыс
1643 жылы жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталады. 50 мың әскермен басып кірген Батур қонтайшы қырғыз Алатауының біраз жерін, Шу өзенінің жоғарғы оң сағасын, сондағы елдерді жаулап алады.
Жәңгір хан Жалаңтөс әмірді, тяньшаньдық қырғыздарды жәрдемге шақырады. Өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қонтайшының әскерін қарсы алады. Аз қолмен үлкен әскерге бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді. Tap жылғада бірнеше ор қаздырып, оларды бекініс етіп, мылтығымен үш жүз жауынгерді орналастырып, қалған үш жүзден бекіністерді алмақ болған Батур қонтайшының сыртынан кенеттен шабуыл жасайды. Алды-артынан жауған оқтан, екі жақ беттен төмен қарай құлаған тастан мыңдаған жоңғар жауынгерлері қаза болады.
[Бірақ шайқас мұнымен аяқталмайды.][1] Қонтайшы өзінің басымдығын енді сезіне бастаған сәтте 20 мың қолымен Жалаңтөс батыр, Көтен жөне Табай батырлар бастаған қырғыз жасақтары келіп жетеді. Ендігі шешуші шайқас жазықта өтеді. Жеңіс толығымен Жәңгір жақта болады. Он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қонтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады.
Егер 17 ғасырда өмір сүрген қазақ ханы Жәңгір жайлы сұрақ болса, ең есте қаларлық тарихи оқиға осы болар.


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B#.D0.96.D0.BE.D2.A3.D2.93.D0.B0.D1.80_.D1.85.D0.B0.D0.BD.D0.B4.D1.8B.D2.93.D1.8B_.D0.B6.D3.99.D0.BD.D0.B5_.D0.96.D3.99.D2.A3.D0.B3.D1.96.D1.80_.D1.85.D0.B0.D0.BD
+1 дауыс
Енді Жәнгір хан ресейде білім алып, ресей саясатымен тығыз байланысты болғаннан кейін көп жерлеріміз орыстардың қарамағына отіп кеткен болатын.Сол себепті Жәңгірдің баласының ұстазы Махамбет өзінің досы Исатаймен бірге ханға  қарсы шыққан болатын. Яғни қазақ үшін жер жайлау болған гой. Хандық кезең тарай бастады.
рахмет))
...