+1 дауыс
11.8k көрілді
Әлемнің ең соңғы жеті кереметі қалай аталады? Әлемдегі ең ұзын өзен амазонка әлде нілме? Ең ұзын көпір қалай аталады?

13 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ніл




Ніл (лат. Nіlus , гр. Neіlos ) – Африкадағы және дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км, алабының аумағы 2870 мың км2. Орташа су шығыны Асуан маңында 2600 м3/с (әр жылдары 500 м3/с-тан – 15000 м3/с-қа дейін ауытқиды). Шығыс Африка таулы үстіртінен 2000 м-ден астам биіктікте басталып, Жерорта теңізіне атырау жасап құяды. Ніл Рукарара өзені болып басталып, Кагера өзені арқылы Виктория көліне құйып, одан Виктория – Ніл деген атпен ағып шығады. Альберт көлінен кейін Альберт – Ніл, Асуа саласы қосылған жерде Бахр-әл-Жебел, Бахр-әл-Газал қосылғаннан кейін Ақ Ніл (Бахр-әл-Әбияд) деп аталады. Хартум қаласының тұсында Ақ Нілге Көгілдір Ніл қосылады да, сағасына дейін Ніл деп аталады. Жоғарғы бөлігінде ағысы қатты, арнасы шоңғалды және көптеген суқұламалар жасайды. Ең ірісі – Мерчисон сарқырамасы (биікт. 40 м). Таулы үстірттен шыққаннан кейін өзен аса кең, жайпақ қазаншұңқырды басып ағады. Ағысы баяулайды, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Аңғарында кристалл тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар пайда болған (Хартум мен Асуанның арасында 6 шоңғал бар). Көгілдір Ніл алабында жаңбыр жазда мол жауады. Сондықтан Ніл төмен ағысында жаздағы су шығыны сабасына түскен кездегіден 5 есе асып түседі. Ніл аңғары адамзаттың ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға, кеме қатынасына, халықты сумен қамтамасыз етуге, балық аулауға пайдаланылып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97%-ы тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған (ең ірісі – Асуан СЭС-і). Кеме жүзетін су жолының ұз. 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартум, Асуан, Каир, атырауында Александрия қалалары орналасқан.[1]
0 дауыс
Ең ұзын өзен - Ніл, ал Амазонка ең суы көп өзен
–3 дауыс
Керісінше,Амазонка-дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.Ал Ніл-д.ж. ең суы мол өзен!!!!!!
кума ееее
Ныл алемдегы ен узын озен
0 дауыс
Амазонка!

Амазаонка 6800 км
Ніл 6695 км
7000 км емес пе Амазонка?
+2 дауыс
2008 жылы бразилиялық ғалымдар Амазонканың бастау алатын жерін Перу елінің территориясынан тапқан көрінеді. осыған дейін ең ұзын өзен болып келген Ніл қазырғы Амазонкадан 322 км-ге кіші екен.
[Амазонка 6992 км][1]
[Ніл 6670 км][2]


  [1]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D0%B0#.D0.A1.D0.BC._.D1.82.D0.B0.D0.BA.D0.B6.D0.B5
[2]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B8%D0%BB
Ал ең ірі көпір [Танян-Куньшань виадугі][1] ғой деймін 164,8 км
[1]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BD%D1%8F%D0%BD-%D0%9A%D1%83%D0%BD%D1%8C%D1%88%D0%B0%D0%BD%D1%8C%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%B2%D0%B8%D0%B0%D0%B4%D1%83%D0%BA
Әлемнің Жеті керемітне ақырғы болып жазылған Александрия маягі
егер барлығы түгелдей керек болса, төменде "Антихакер" тізіп қойыпты
келісемін! Амазонка Нілден ұзын!
0 дауыс
[міне мұнда жазылған Амазонка][1]


  [1]: http://www.epochtimes.com.ua/ru/travels/world-wonders/amazonka-samaya-dlinnaya-reka-v-mire-99519.html
Біздің мектеп оқулықтарында әуелі Ніл өзені деп жазылған.Содан соң ғалымдар зерттеп Амазонканың Нілден де ұзын екенін дәлелдеген.
–2 дауыс
Әлемдегi жаңа жетi кереметтiң бiрi-
1.Галикарнас кесенесi
2.Зевс мүсiнi
3.АЛександр маягы
4.ТАж-МАХАЛ кесенесi
5.Вавилондағы Аспалы бак
6.ҚЫТАЙ қорғаны
7.әйел құдайы АФРОДИТА мүсiнi.
Ең ұзын өзен Амазонка
+6 дауыс
Амазонка ол әлемдегі ең ірі өзен,ал Ніл әлемдегі ең ұзын өзен.
Өмірден кішкене кешігіп қалыпсың)
–1 дауыс
Әлемдегі ең ұзын өзен НІЛ. Ұзындығы 6671 км. Мәлімет [мына][1] жерден алынды. Осы жерде толық мәлімет бар.  Ал әлемдегі ең ұзын көпірді Даньян-Куньшань деп атайды екен. Мәлімет [Мына][2] жерден алынды. Сұраққа Marseille жауап беріпті.


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D1%96%D0%BB
  [2]: https://surak.baribar.kz/20936/
Ніл жайлы мәлімет ескірген. 2007 жылғы шығарылған Алматы Мектеп баспасөзінің оқулығы негізінде жазылған мақала
0 дауыс
географияның ең жек көретін  осы жері ше. мәліметтердің өзгергені. бір оқығаннан кейін 2-3 жылдан кейін міндетті  қайтадан оқу керек болады
0 дауыс
ніл ең ұзақ өзен
0 дауыс
ніл дүниежүзіндегі ең ұзын өзен, ал Амазонка саласы көп өзен
0 дауыс
Ніл ең ұзын өзен 6671км Амазонка бассейні (=Австралия ауданы+маңындағы аралдар)ең үлкен өзен

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
...