+1 дауыс
10.7k көрілді
"Отаным десем ойыма"-ойымызға не келедi?

7 жауап

+1 дауыс
"Отаным десем ойыма" Қазақстаным!!!!
"Отаным десем ойыма" не келеді?! Ия, туып өскен, кіндік қамың тамған атамекенің, елің жерің, туған өлкең еріксіз есіңе түседі...! Айтадығой  "Өзге  елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дейді" сол сияқты өз елің, жерің, дархан далаңда  еркін жүргенге не жетсін!!!
Белгісіз
+2 дауыс
"OTAHым" десе әр қазақтың ойына отаңға деген ыстық махаббат, отанға деген ерекше патриоттық сезім келеді деп ойлайм..
+2 дауыс
Отан десем ең алдымен бойымды патриоттық сезім билейді. Отан десем еліміздің көк байрағы көз алдыма келеді. Отан десем әнұранымыз еске түседі - ана тілімді қатты сүйетіндігімнен болар бәлкім. Отан десем көз алдыма тарих беттері келеді. Еліміздің қандай қиын-қыстау күндерден өткендігі, қалай қырылып қалғандығы, халқымыздың ертеден келе жатқан тыныс-тіршілігі келеді. Отан десем ірі тарихи тұлғалар, саяси қайраткерлер, батырлар, хандар мен жыраулар, еліміз үшін құрбан болған жандар келеді - оларға деген құрметімнің белгісі болар. Отан десем бойымды агрессия, белгісіз бір күш билейді - мүмкін елімді соншалықты сүйетіндігімнен болар. Отан десем ішкі жан-дүнием өзгеріп сала беріп, бір жаңадан күшке ие болғандай сезінемін. Отан десем қара халық келеді көз алдыма - елімнің болашағын ойлайтындықтан болар, қалай еліме қызмет ете аламын деген ойлар келеді. Және *Отан отбасынан басталады* дегендей, Отан десем көз алдыма ата-анам, бауырларым, туған-туысқандарым, дос жарандарым келеді.
+1 дауыс
"Отаным десем ойыма"-туған жерім,ата-анам,бауырларым,достарым,отаныма патриоттық сезімім келеді.
+1 дауыс
"Отан" десем, ойыма туып-өскен жерім, кең байтақ Қазақстаным, көк байрақ ту, ата-анам, жақындарым келеді:)
Қай елдесіз қазір?
Қазақстанда, Астанада)
Бәсе, өзге елде жүргендей тебірене жауап беруіңізге қарап, елден жырақта ма десем))))
Қазақстаным мәңгі жүрегімде ғой))
0 дауыс
отан десе ойыма маған ең бірінші ата-анам,туған туыстарым,достарым елестейді. Ал екіншіден өз үйім, атамекенім, туған жерім.Ал үшіншіге келетін болсақ өзімнің ана тілім елестейді, Себебі нағыз патриот адам өз тілін құрметтеу керек.
0 дауыс
жас бала келді маған,

соғыс ашып төгеді қан.

сауытымды киіп мен,

қалмаққа мен жүгірдім.

өзімді нашар сезімдім,

көзді ашып жұмғанша қалмаққа да кезіктім.

отан үшін бәрін істеп,

өз өмірімді қидым.

атым айырылмас Абай едім,

адам сияқты дана едім.

мұғалім болып, ақын болып,

халыққа білім беріп, асыл болдым
...