Отан десем ең алдымен бойымды патриоттық сезім билейді. Отан десем еліміздің көк байрағы көз алдыма келеді. Отан десем әнұранымыз еске түседі - ана тілімді қатты сүйетіндігімнен болар бәлкім. Отан десем көз алдыма тарих беттері келеді. Еліміздің қандай қиын-қыстау күндерден өткендігі, қалай қырылып қалғандығы, халқымыздың ертеден келе жатқан тыныс-тіршілігі келеді. Отан десем ірі тарихи тұлғалар, саяси қайраткерлер, батырлар, хандар мен жыраулар, еліміз үшін құрбан болған жандар келеді - оларға деген құрметімнің белгісі болар. Отан десем бойымды агрессия, белгісіз бір күш билейді - мүмкін елімді соншалықты сүйетіндігімнен болар. Отан десем ішкі жан-дүнием өзгеріп сала беріп, бір жаңадан күшке ие болғандай сезінемін. Отан десем қара халық келеді көз алдыма - елімнің болашағын ойлайтындықтан болар, қалай еліме қызмет ете аламын деген ойлар келеді. Және *Отан отбасынан басталады* дегендей, Отан десем көз алдыма ата-анам, бауырларым, туған-туысқандарым, дос жарандарым келеді.