+2 дауыс
877 көрілді

ҰОС 66 жылдығына

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымыздың мәңгі есте сақтаймыз!

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғысы аяқталғанына 66 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына бүгін 20 жыл толып отыр.

Бұл күн – қазақстандықтар үшін Отан қорғаушылар күні, еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мерекелі де тарихи күн.

Ел өміріндегі осы айтулы мерекелеріңізбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Жас армиямыздың жиырма  жылдық қалыптасу кезеңі тәуелсіздік жылнамасының қастерлі парағына айналды.

Біз осы жылдар ішінде экономикалық әлеуетімізді еселей отырып,  әр отбасының әл-ауқатын арттыруды естен шығармадық. Мемлекеттілігімізді орнықтырумен бірге, азаматтарымыздың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтуге күш салдық.

Армиямызды жаңарта отырып, біз оның тек күш-қуатын нығайтумен ғана шектелмей, әскери қызметкерлеріміздің әлеуметтік мәселелерін шешуді де ұмытқанымыз жоқ.

Ең бастысы, жауынгерлеріміздің бойына отаншылдық рухты сіңіріп, әскери қызметтің абыройын асырып, беделін көтеруді мақсат тұттық.

Жауынгер деген ат қадірлі де қасиетті  ұғым.  Өйткені әскери адам оттан ыстық Отан шебін қорғайды.

Ашық аспан, бейбіт өміріміздің тірегі де  қорғанышы да - солар.

Сол себепті де халқымыз оларды айрықша қастер тұтып, ел үшін жандарын қиған  батырларды жырға қосып, аттарын аңызға айналдырған.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның армиясы – біздің ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасы.
...