0 дауыс
581 көрілді
Мен үнемі айналамдағы адамдарға жаным қалмай көмектесіп, ең артында өзім алданып қалып жатамын. Былайша айтқанда мен оларға қиыншылық кезінде қолымнан келгенше көмек беремін, а олар маған қиын кезде қалымды да сұрамайды.  Тіпті ең жақын құрбымның өзі жағдайымды көріп тұрым әқалың қалай?ә деп шын жүректен сұрамайды да.. Сонда менің  ешкімге керек емес болғаным ба?(әрине, анамнан басқаларына) Әлде адамдардың бәрі тек өздерін ойлайды ма? Мен неге олар сияқты өзіме ғана жағдай жасай алмаймын?

2 жауап

0 дауыс
Өмір деген... осы

 

Иә достым, өмір деген осы ?!

Сыны дайын. Сынба және жасыма.

Әрбір сәттен елегізіп күтесің,

Кенет келіп бақ қонардай басыңа.

Өмір деген қарап тұрсаң айнакөл,

Арнасы оның кейде тола, кейде шөл.

Жағалауға толқындары асығып,

Өз-өзіне сыймай тасыр кейде ол.

 

Өмір деген, өмір деген бір бұлақ,

Бастау алар биік шыңдардан құлап.

Бөлеп сені мұң мен сырға, бақытқа,

Көз алдыңнан ағып өтер сылдырлап.

 

Өмір деген қысқа сағат тіліндей,

Өте шығар сырғығаны білінбей.

Өлшеулі-ақ сол ғұмырда адамға,

Өмір сүре білу керек сүрінбей.

 

Ей, адамзат, өміріңді бағала,

Алға ұмтыл, өткенді аңсап қарама.

Екінші рет берілмейді сондықтан,

Құр қайраңдап қалма бекер жағада!
0 дауыс
Көрінгеннің сөзін тыңдай бермеңіз, алдымен өз мақсаттарыңызды іске асыруды үйрену керек сияқты.Ешкімге жалтақтамаңыз.Қорықпаңыз, істеген жақсылықтарыңыз  уақыт өте келе өзіңізге оралар.
деп жазып көрдім............................
Бірінші өз мақсатымды орындауға тырысамын. Бірақ қолымнан келіп тұрып көмектеспегенім дұрыс емес сияқты. Айдананың жазған өлеңінен біраз ой түйдім. Жақсылық жасаудан ешқашан қашпаған дұрыс. Жақсылық Аллахтан қайтады... Өмір қысқа.... Сондықтан бір-бірімізге қол ұшын беріп жүрейік, бауырлар. Мейлі, ол саған жамандық жасап жатса да... Ендігі кезекте өзім де солай жасауға тырысамын!! Тек менің бір жаман әдетім тез өкпелеп, тез жылап қаламын...
...