Өмірдегі орныңды табу үшін:
Сізге ең алдымен ыңғай, қабілет, яки зеректік керек болады - деп
Жүсіпбек Аймауытовтың айтып кеткен мына бір сөзі әлі күнге дейін мән-маңызын жоғалтқан жоқ: *«Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеуметтің мүшесі, әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки, зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады; ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де, үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолында қызмет істемеген адамның жұмысы бере-кесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақсыз жан болып күнелтеді».* strong text