+1 дауыс
32.9k көрілді
ҰБТ-ға қатысушыларға тілектер жазыңыздаршы? Жас түлекке арналған қысқа да әрі әдемі тілектер қажет еді.
Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.

Қымбатты ұстаздар! Он бір жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін.

Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым!
Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір - бірімізді ұмытпайық.
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз.
Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.

Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің мәртебесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!

Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата - ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіремін.

Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата - ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел - жұрты үлкен үміт күтеді. Ауданымыз бойынша үздік оқып, білім алған 15 түлек «Алтын белгіге» және 2 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер болса, оның барлығы де өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап - өсірген ата - аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!

6 жауап

+2 дауыс
Қазір блогқа бәрі былай жазып жүр:
Господи, помоги выпускникам 2012 сдать ЕНТ на 125 баллов. Убереги их от злых дежурных, заглушек, камер в аудиториях, нежелательных соседей. Да направь их руки на кружочек истинный! Да убереги отневерного закрашивания! Да пошли им ручку черную, непачкающую. Уберегитакже от слуг министерских, злобно сотки да шпаргалки палящих. Да незатупит пусть сотка у них в момент ответственный. Да не выпадет шпаргалка из руктрясущихся в момент опасный. Аминь))))
әумин!!!!!
мүмкін болса қазақша)
аударып алсай
Ерініп отырмын аударуға, өзіңізге де аударуға боладығо, бәрі де түсінікті
Аумин!!!
+4 дауыс
Құрметті 2012 жылдың түлектері! Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ҰБТ-ны жақсы тарсыруларыңызға тілектеспін! 125 балл алыңыздар! Алла жеңілдігін берсін! Сәттілік!:)
Әумин айтқаның келсін!Рахмет!!!
+2 дауыс
құрметті!........Алдағы ҰБТ-дан 125 балл демей-ақ қойайын өзіңнің таңдаған мамандығыңа жететін жоғары балл алып, ЖОО түсіп кетуіңе тілектеспін!
+2 дауыс
Жас түлек! Сіздерге Сәттілік, Ақ жол тілеймін!!!
+1 дауыс
Құрметті, 2012-нің жас түлектері сіздерге тек қана сәттілік тілеймін! ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, Аллаһ Тағала сіздер мен біздерге 120 баллдың үстінен нәсіп етсін!
Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Аумин брат
0 дауыс
Жас түлек болсын баталы. Білімі болсын сапалы. ҰБТ нәсіп болсын деп. Ұстаздар берді батаны. Еңбекпен өсер әр адам. Түзетер талай қатені. Өмірің болсын шуақты.  Нұрлы күн алда атады.  Тілеуін тілеп шәкірттің.  Ағайың берді батаны.
...