+1 дауыс
706 көрілді

Осы ҚазҰТУ оқу орнында жылдан-жылға пара алу көбейіп барады.Бұл шешілмейтін мәселелердің біріне айналып барады.Мұғалімдер тіпті шектен шығып барады. Қадірлі оқырман қауым, осы сұрақты ойымызға түйіп жүрейік.Бұл жай қоя сала салатын мәселе емес.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Пара алушыларды әшкерелейтін сайт ашылған соған жазып бұқара халықтың арасында абыройын айрандай ету керек!

http://vzyatochnik.info/kz

 

Құрметті қолданушылар, біздің сайтымыздың алғаш бетіне қош келдіңіздер! («Біз» деп тым асырған болармын, мүмкін «Мен» жалғыз шығармын).

Біздің www.vzyatochnik.info сайтымыз - пара алушы (сұраушы, талап етуші деп оқыңыз) оқытушылардың өзіндік «қара» тізімі. Осы сайтта сіздерден пара талап немесе параны беруге мәжбүрлеген оқытушыларға шағым жазуыңызға болады.

Сайттың түпкі мақсатын, туындаған себебін және оны кім және қалай жасағаны туралы ақпаратты келесі беттерден қарай аласыз. Ол жерде мен сайтты қалай көретінім туралы өзімнің көзқарастырымды толығымен ашық түрде жаздым.

Шағымды қосу үшін сізге сайтымызда тіркеуден өтіп, керекті бөлім-университет пен категория-факультетті таңдап, шағымды жазуыңыз керек. Оң жақ бұрышында университеттің тізімдерін көре аласыз, университет мәзіріне кірген бетте факультеттер мен қалдырылған шағымдардың тізімін байқайсыз. Шағымдарға байланысты өз пікірлеріңізді, көзқарастарыңызды, шағым авторымен келісу не келіспеу туралы ойларыңызды қалдыра аласыз (алғаш бет келесі беттерде көркемделіп жазылған мәтінді бүлдіруге әкеліп соқтыратындықтан, осы жерде тоқтайын). Сонымен, сізге Навигация мәзірімен төмен қарай шолып шығу керек.

Қауіпсіздік жайлы айтатын болсақ, шағымды жазған шақта өзіңіздің анонимділігіңізді сақтайсыз, өйткені сіз туралы мәлімет еш жерде белгіленбейді. Шағым орналасқан бетте тек сіз көрсеткен қолданушының есімі көрсетіледі, ол жерге жалған есімді немесе Аноним деп жазуыңызға болады. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы алаңдамаңыз. Қолданушылардың деректер базасы үшінші жақтарға ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА берілмейді.

Осы сайтты дамытуға және біздің университеттерімізді мұндай парақор-оқытушылардан тазартуға септіктеріңізді тигізесіңдер деген үміттеміз. Парақор адамың ең үлкен қорқынышы – қылмысының ашылуында. Біз сіздер арқылы осындай ақпаратты сайтымызда көпшілікке танытамыз. Парақор оқытушыларға ұятты болсын. Келесі жолы пара алмас бұрын (сұрап, талап ету алдында деп оқыңыз) тағы бірнеше рет ойлансын (әлде бұл тағы да утопиялық ойлар ма?).

Атап өте кететін жәйт, бұл сайттың Университеттер әкімшілігі мен Білім министрлігі арасында еш байланысы жоқ (бірақ бұл уақытша деп ойлаймын). Сонымен қатар біз мемлекеттік орындармен ара-қатынастарымызды орнатып, белсенді әрекет қабылдау үстіндеміз, қалдырылған әрбір шағым тиісті факультеттің деканы мен ректордың тіркеуінен өтетініне тырысамыз.

Қазіргі сәтте сервис бета тестілеу режимінде жұмыс істеп келеді, бұл дегеніміз сіздер үшін даярланған бірнеше қосымша қызметтер, жұмыс барысында қосылатын қолайлы функциялар бар. Байқалған дәлсіздіктер мен қателіктер туралы ақпаратты сайттың әкімшілігіне жіберуіңізді өтінемін (Бізбен байланыс беті арқылы).

Айтпақшы, қолданушының келісімін міндетті түрде назарыңыздан тыс қалдырмаңыз. Сайтымыздың келесі беттерінде кездескенше.

Ізгі тілекпен, сізбен бірге болатын Mr. Incognito

 

+2 дауыс
Финполға хабар беріңіз
...