+5 дауыс
28.11.2010 2.7k қаралым

3 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ол өзіңе байланысты. Егер салмақ қосқың келсе ауыр жаттығулар жаса. Мысалы, штангамен иыққа, кеудеге жаттығулар, немесе штангамен отырып-тұру. Одан кейін көп тамақ жеу керек: көмірсу, ақуыздарға бай тағамдар. Егер қалдырмай, алдыңа мақсат қойып, бірнеше ай қатыссаң 10 кг. салмақ қосу әбден мүмкін.

Ал егер салмақтан арылғың келсе онда жүгіру жаттығуларын жаса, мұнда сенде мақсат - көмірсулардан арылу. Одан кейін тағы да жаттығулар жасайсың денеге. Әрі тамақ жегенде де таңдап жейсің. Көбіне дәрумендерге бай жеміс-жидек, көкөністерден тұратын жеңіл тағамдар.
20.12.2010
Ия. Нәтиже береді екен. Танысымды көріп байқап қалдым. )))
+2 дауыс
Сол ай мерзімінде салмақ тастауыңыз мүмкін, бірақ шұғылдануды тоқтатқаннан кейін салмағыңыз дереу артып кетеді. Спортшылардың өз ауыздарынан естігем.
14.01.2011
+1 дауыс
Өз басым күн сайын доп қуалаймын. Футбол әлекке салып қойды. Соның себебі болар, семірмей-ақ қойдым.
07.04.2011
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы