Ол өзіңе байланысты. Егер салмақ қосқың келсе ауыр жаттығулар жаса. Мысалы, штангамен иыққа, кеудеге жаттығулар, немесе штангамен отырып-тұру. Одан кейін көп тамақ жеу керек: көмірсу, ақуыздарға бай тағамдар. Егер қалдырмай, алдыңа мақсат қойып, бірнеше ай қатыссаң 10 кг. салмақ қосу әбден мүмкін.
Ал егер салмақтан арылғың келсе онда жүгіру жаттығуларын жаса, мұнда сенде мақсат - көмірсулардан арылу. Одан кейін тағы да жаттығулар жасайсың денеге. Әрі тамақ жегенде де таңдап жейсің. Көбіне дәрумендерге бай жеміс-жидек, көкөністерден тұратын жеңіл тағамдар.