0 дауыс
734 көрілді
Жақсы психолог мамандардың сайттары болса, көмектесіңіздерші.

1 жауап

0 дауыс
сізге не жөнінен көмек керек? Қандай мәселе? Жеке бас мәселелері ме? Отбасындағы қолайсыз оқиғалар ма? Мүмкін осы сайттағы адамдар сөздерімен қуат беріп, көмектесер? Толықтырып жаза кетсеңіз?!
Мен биыл ҰБТ тапсырамын. ҰБТ-ға да санаулы күндер қалды. Сыныбымның арасында келеңсіз жайттар көбейіп кетті. Балалар да, тіпті сынып жетекшім де мені сыныптан шеттете бастады. Соның зардабынан дұрыстап сабақ та оқи алмаймын, оқуға отырсам да достарымның сатқындығы ойымнан кетпейді. Қаладан жаңадан балалар келіп, айрандай ұйып отырған сыныбымыздың шырқын бұзды.
Сынақ тесттерден де төмен алып жүрмін (сырт көзге қарағанда). Себебі қалған балалр тестте қай нұсқалар келетінін біліп жауаптарын жасап алған. Ал мен тіпті шпор да пайдаланбадым. Сондықтан олардың бәрі жоғары алды, мен төмен алдым. Енді бүкіл мектеп мені төмендеп қалды деп ойлап жүр. Тіпті мұғалімдер де жөндізу амандаспайды..  Негізі алдыңғы тесттерден ең алдыңғы қатарлардан көрініп жүрген едім((
Ештеңеге мән бермейін десем де, сыныптың ауа-райы(достарымның мені кекетіп күлгені) жаныма қатты батады((( қиналып кеттім. Алда үлкен сынақ... Қатты қорқамын..
көмек бере аласыз ба? осы жазғанымды қалай өшіріп тастауға болады? ойланбай жасаппын, жеке поштаңызға жазуым керек еді(((
Таспен ұрғанды аспен ұрыңыз... Наоборот олар сізден жасқануы керек, олар өздерінің істеріне ұялуы керек!!!
Белгісіз
...