Ең жақсы көретін адамым - өзімнің *бала, пәк кезім, еш жамандық ойламай, таза оймен, еркелеп жүрген бүлдіршін шағым* (әттең қайта оралмайды, тек естелік!),
ең жек көретін адамым - *өзімнің қазіргі өзгерген, өз пікір қалыптасқан, тоқтаусыз даму үстіндегі кезім*, кей кезде өз мақсатына жету үшін аздап қулыққа баратыным үшін жек көрем, бұл есейген сайын, жаман болып барамын деген емес, тек балалық сәби көңіл мен пәк армандардың орнын қатыгез өмірдің сыны мен ызғарына шыдай алу үшін қасқайған мінез бен салқын, саналы есеп араласқан соң, кей кейде өз өзіңде жек көріп кететінің болады.
Дүниеге әкелген әке-шешем, туған-туыстарым әрине ең жақын адамдарым ғой, бірақ адам есею үшін өзін тек өзімен қана салыстыруы керек, неге жеттім, нені игердім, нені үйрендім, нендей жетістікке жеттім деп...