Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Сол кездегі, оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой өрісін кеңейтті. Ал, өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды.
Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбір деректер бойынша 1048 жылы) туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы Нишаүурдың белгілі ғалымы Насыреддин Шайх Мұхаммед Мансур дарынды Хайям өз бетімен де оқып білім алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика, физика, астрономия, философия, дін негіздері, тарих ілімдерімен шұғылданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқанд, Мерв, Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дәлелдеу-лері мен зерттеулеріне қарағанда Хайям ұлкен мате-матик болған. Халық астрономиясының негізін салған. Оның математикадан жазған басты-басты екі еңбегі сақталған, оның бірі - Алгебра мен Әлмүнәбәлс есеп-терінің дәлелдемелері туралы. Екіншісі-Евклид кітабын-дағы қиын тарауларға түсіндірмелер. Алдыңғысында алгебра, соңғысында геометрия мәселелері баяндалады - дейді Мыңбай Ысқақов.
''Қатынастарды құру және оларды зерттеу'' туралы кітабында шамалардың рационал және ирроционал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттілігін дәлелдеді. Омар Хайям еңбек-теріндегі жаңалықтарды Насреддин Туси т. б математик-тер қолдап дамытты. Алтын мен Күмістен тұратын заттар-дың мөлшерін анықтау тәсілі туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Хайям музыка теориясымен де шұғылданды.
Омар Хайям Аристотель мен Ибн Синаның фило-софиялық көзқарасын ұстады. Жаратушыны мойын-дағанымен, өмір-тіршілік құбылыстарының өзара байла-нысатын өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда түсін-діреді. Ол философиялық көзқарастарын мына төменгі еңбектерінде тұжырымдады: ''Болмыс және Борыш туралы трактат'', ''Үш сауалға жауап'', ''Жалпыға ортақ ғылымның пәні жөнінде'' т. б. философиялық шығармалары мәлім.
Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың (Рубайдың) авторы ол ''өмір мен өлім'', ''Жақсы мен жаман'', '' Жастық пен кәрілік'', ''Қанағат пен озбырлық'', ''Махаббат пен зұлымдық'', ''Құштарлық пен тақуалық'', парқын төрт жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Оның төрт тағандары - адам өмірінің әр қырын, кезеңдерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік пікірлерге құрылған өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік құбылыстарына қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға көз-қарасы айқын көрінеді. Ол жеке бастың азаттығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырады. Ақын өлең-дерінде шарапатты дәріптеу, сауық-сайран, махаббатты қызықтыру едәуір орын алады.
Омар Хайям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз өлеңдерінде және рубай-ларында жырға қосып мадақтады. Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты - деген ой түйді. Еңбек, еңбек тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады.
''Еңбек, білім, тәрбие
Басын қоссаң мәнді де
Үшеуін бірдей меңгерсең
Жібермес Сені-өлімге!
Үшеуінің мәңгілік категория, тәрбиенің еңбек, адамгер-шілік, еңбек тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол өзі өмір сүрген дәуірде өмірдегі байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді және қалыптасады. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі демокра-тиялық бағытты - еркін тәрбиені жақтады. Еркін тәрбие еңбек тәрбиесінің жемісі - деді Омар Хайям. Оның өлең-дерін, бүгінгі педагогикалық тұрғыдан қарасақ адам-ды жан-жақты жетілдіру сарыны басым. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы тәрбиені, бірнеше түрін бір адам бойына енгізу идеясы көрініп тұрады. Мұнысы бейнелеп салыстыру арқылы адамдық, адамгер-шілік, ақылдылық, парасаттылық, мейірбандық эле-менттері ұштасып жатады. Бұларды молайтып, толық-тырып, жеке адам бойына, тәрбиенің әсіресе еңбек, адамгер-шілік, ақыл-ой, дене, патриоттық тәрбиені батыл енгізуді ұсынды. Ол философиялық көзқарастарында тәрбиені, еңбек тәрбиесін, тұлғаның адамгершілік сапаларын қалып-тастыратын тағылымы артық туынды деген.
Омар Хайямның төрт тағандарын зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. Біреулер мистикалық-софылық десе, басқалары атеистік сарында ұғады. Дұрысы ол да емес, бұл да емес-деп Омар Хайямның өзі айтқандай, қазіргі оқушы оның өлеңдеріндегі өмірге құштарлықты, ақиқат-қа талпынысты, тіршіліктің мәнін парықтауын, енжарлық пен екі жүзділікті ажуалауын ұнатады. Омар Хайям өлеңдері қалыптасқан композицияның құрылымы бар, лирикалық шығарма. Оның стилі күрделі емес. Аз сөзбен көп мағына беру пернелеп, бейнелеп айту арқылы автор өз ойын еркін жеткізеді. Оның тілі қарапайым да, жаттық. Омар Хайям рубайларының түркі тілдеріне аударылған кейбір шумақтары қазақ оқушыларына ілгеріден таныс болатын. Ақын Қуандық Шаңғытбаев қазақ тіліне аударған 325 рубай 1965 жылы жеке кітап болып шықты. Ол екінші рет ''Шығыс Жұлдыздары '' 1973 жинағына басылды.
Омар Хайям тұнғыш календарь жасаған ғалым. Календарьдың көптеген түрлері бар, олардың әрқайсының дәлдігі әр түрлі. Тарихты халық жасайтындықтан, кален-дарьды жасаушыда халық болып табылады. Ғұламалар Фараби, Хорезми, Бируни, Ұлықбектің тағы басқалардың календарь жөніндегі еңбектері уақыт есебін жүргізуді бір-талай тәртіпке келтірген. Календарьды түзеушілердің бірі Омар Хайям.
Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, фервердик айының бірі күні жаралған. Ол кезде күн жазғытұрғы күн мен түннің нүктесінде болған. Осы аңызға сүйеніп, парсы Фервердиннің бірін жыл басы етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні наурыз деп атайды (Нау-жаңа, Руз-күн деген). Қазақтың наурыз сөзі осыдан шыққан. Күн мен түннің күзгі теңелуін парсылар -''Меүрен'' деген. Бұдан Қазақтың ''Мейрам'' сөзі жасалған. Наурыз бен ''Мейрам'' парсылардың негізгі мейрамдары болған. Парсы ақындары ''Ай мен Күн'' - аспанның екі көзі деп жырлаған.
Омар Хайямның каленьдары - дүние жүзі халық-тарында болған календарьдың ең жақсысы. Ол 1079 жылғы 15 наурыздан (Хиджра бойынша - 471 жылғы 10 рамазаннан) бастап қолданыла бастады. Сол күні Мәлік Шаү жобаны декретпен бекіткен болатын.
Хайям календарының екі ерекшелігі бар. Бірі - оның аса дәлдігі, екіншісі күн қозғалысына негізделуі. Омар Хайям мұрасы математик, астроном, философ, педагог-ұстаз ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді және ол әрдайым жаңарып толықтырылып отырады.