Қызық, мен де өз бақытымды интернет арқылы тапқанмын!)) Бір жағынан ойлап қарасаңыз, күні-түні компьютерде отырсақ, ешқайда шықпасақ, "бақытымызды" инеттен емес, басқа қайдан табамыз, иа..))
Интернет арқылы /агентпен/ танысып, отау құрғандар көп. Кейі бақытты ғұмыр кешсе, ал екіншісі бақытты күндері ұзаққа созылмай, ажырасып кетеді. Бірақ, менің әпкем танысып агент арқылы, үйленіп, қазір екі баласы бар, бізге информатикадан беретін апайда күйеуімен агент арқылы танысқан, балалары бар.
Бірақ мен өз басым, агент арқылы кездесуге қорқамын, тіпті агенттегілердің біреуінде көрмегенмін. Оның шын өзі екеніне көз жеткізу қиын, ол өтірікшінің алдап, арбауына түсіп қалмасымызға кім-кепіл, сондықтан, сақтықта қорлық жоқ дегендей...