0 дауыс
364 көрілді
Салт-дәстүрімізден сусындатар, тарихымызды ұмыттырмас халық әндерін қаншалықты тыңдайсыз??? Соңғы рет қашан, қай халық әнін тыңдадыңыз? Қазіргі жастарымыз шетелдің даңғара әуенінен халық әнін жоғары қоя алады ма?

4 жауап

0 дауыс
Жақау былай айтқан ғой:
Ана тілімнің төсі, бұл күнде тілім-тілім,
Сол тілді жұрт, ит қылуда көреалмай жүрген күнін.
Ешкімге қажет емес, қажеттерінде  ұмытқан,
Сол тіл емеспе суық замандарды жылытқан.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,  үш жүзден,
Біз олардан үлгі алмасақ, үлгі алады кім бізден.
Билерім ана тілмен тоқтатқан дау, жан-жалды,
Екі жақтан шығартпай, қынабынан сұр қанжарды.
Сол тілімнің кереметі, бұл күнде келмеске кетті,
Жүректердің төріне өзге тіл төрлетті.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,
Деген сөзден ештеңе қалмады әлбетте.
Анашым тербеткен ана тілдің әлдиімен,
Ана тілді өзгелердей, қуған жоқпын мен үйімнен.
Ана тілім төрімде, сыйы бар дастарханда,
Ана тілім алғысым, қонағыма ас тартқанда.
Меніңше жоғары қоя алмайды.
Менің кішкентай інім бар,сол ойланыыып отырып осындай өлеңдерді шығарып тастайд ХДДД
Інің Жақауға тартқан ақын екенғой
қойй Жақау ініме тартқан ғой.
0 дауыс
халық әуендерінің көбісін жатқа білем, және әлі күнге дейін тыңдайым! Қазіргі жастар көбіне шетелдік әндерді тыңдауға әуес, халық әнін тыңдамайды. Себебі д0старыңның арасында халық әнін қойып қара, "қойшы ауыстырш" дейд.
0 дауыс
Менде өз ойымды айта кетейін...
1.Салт-дәстүрімізден сусындатар, тарихымызды ұмыттырмас халық әндерін қаншалықты тыңдайсыз?
көбіне қазақша әндер тыңдаймын,яғни,халық әндерін 95% десем, қателеспеспін...
2.Соңғы рет қашан, қай халық әнін тыңдадыңыз?
соңғы рет емес...жақын да,тіпті дәл қазір... Тыңдадым және соңғысы депте ойламаймын...
3.Қазіргі жастарымыз шетелдің даңғара әуенінен халық әнін жоғары қоя алады ма?
жоғары қояды,төмен қояды деп айтпайақ қойайын,бірақ сөздің шыны керек...қазір жастардың көбісі шетелдік әндерді тыңдайды,тіпті жоғары қояды депте ойлап қаламын...Бірақ,бәрі емес...жалпы айтқанда,50-50% - бұл менің өз ойым)
0 дауыс
Салт-дәстүрімізден сусындатар, тарихымызды ұмыттырмас халық әндерін қаншалықты тыңдайсыз??? Соңғы рет қашан, қай халық әнін тыңдадыңыз? Қазіргі жастарымыз шетелдің даңғара әуенінен халық әнін жоғары қоя алады ма?
Сұрағыма сұрағыммен жауап бергеніңізге рахмет, бұдан ешқандай жауап ала алмадым...
Рахметіңізге рахмет
Белгісіз
...