Жақау былай айтқан ғой:
Ана тілімнің төсі, бұл күнде тілім-тілім,
Сол тілді жұрт, ит қылуда көреалмай жүрген күнін.
Ешкімге қажет емес, қажеттерінде ұмытқан,
Сол тіл емеспе суық замандарды жылытқан.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, үш жүзден,
Біз олардан үлгі алмасақ, үлгі алады кім бізден.
Билерім ана тілмен тоқтатқан дау, жан-жалды,
Екі жақтан шығартпай, қынабынан сұр қанжарды.
Сол тілімнің кереметі, бұл күнде келмеске кетті,
Жүректердің төріне өзге тіл төрлетті.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,
Деген сөзден ештеңе қалмады әлбетте.
Анашым тербеткен ана тілдің әлдиімен,
Ана тілді өзгелердей, қуған жоқпын мен үйімнен.
Ана тілім төрімде, сыйы бар дастарханда,
Ана тілім алғысым, қонағыма ас тартқанда.
Меніңше жоғары қоя алмайды.