Атамекенімізде бабаларымыздан қалған ескерткіштер көне қалалар өте көп.Яғни бир қызығы бұлардың кей-бірі бір-бірімен байланысты. Мысалы айтатын болсақ-? Айша бибі, Қарахан кесенесі және Бабаджа хатун кесенелері бір-бірімен байланысты.Қожа Яссауи туралы айтқыңыз келсе Арыстан баб, түркістан қаласындағы мешітті және отырар қаласын тастап кете алмайсыз. Елімізде жошы хан кесенесі бар. Маңғыстау облысына тоқтап кететін болсақ мұнда Ақыртас тауының маңында табиғи көлемі 2 метрдей шар тәріздес дөңгелек тастар жіне Шақпақ ата, Шопан ата, Бекет ата жер асты мешіттері бар.Қызыл орда облысында әлемнің қақ ортасында Қорқыт ата кешені бар. Бір қызығы әлемнің төрт бұрышына қараған қобыз бейнелі түтіктерден жел соққанда қобыздың даусы шығады. Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Әлемде АҚШ пен Қазақстан және Ресей аумағында ғана кездесетін мұндай әсем жерімен әр қазақ мақтана алады. Шарын шатқалы үлкендігі жөнінен әлемде АҚШ-тың Колорадо жазығындағы Гранд-Каньоннан кейінгі екінші шатқал болып саналады. Байқоңыр - әлемдегі бес космодромның бірі.