Сұлтан Хосен оның бойы 2 метр 51 сантиметрді құрайды. Қазір 29 жасар рекордсмен фермер болып қызмет атқарып жүр. Сұлтанға шектен тыс ұзын бойы өмірінде көп кедергі болыпты. "Менің бала кезімде де бойым тым ұзын болды. Соның әсерінен көпшілік алдына шығып, көрінуге жүрегім дауалай бермейтін. Үйден шықпай, тыныш қана бөлмемде жылап жатушы едім. Қиналғаным соншалық, адам өмір сүрмейтін аралға қашып кеткім келетін. Бірақ Гиннес рекордтары кітабына енгеннен кейін өмірім күрт өзгерді. Қайта туылғандай болдым. Мен қазір бақыттымын", - депті ол журналистерге берген сұхбатында.