*[Сұрақ қайталанған.][1]*
Бүкірейіп жүруді өзгертуге, әдемі жүрісті үйренуге болады. Бала кезден қалыптасқан жүріс мәнеріндегі әдет, дағдыдан құтылуға бірте-бірте қол жеткізе аласыз. Ол үшін мынадай кеңестер көмектесе алады: иық, мойын, қолға күнделікті түрлі жаттығулар жасау, көшеде жүргенде, орындықта отырғанда әрдайым тұлғаның тік болуын қадағалау, күніне жарты сағат бөлме ішінде басыңызға кітап қойып сымбатты жүріске денені үйрету. Жүрген кезде ішті тартып, кеудені көтеріп, басты тік ұстап, еркін әрі сенімді, бар ынтаңызбен кіріссеңіз, бір айдың ішінде нәтижесін байқауға болады.
Тұлғаны тік ұстайтын, иілдіретін омыртқа болып табылады. Сондықтан ең алдымен омыртқаны массаждайтын жаттығулар жасағаныңыз жөн. Жұқа төсенішке отырып, аяқтарыңызды бүгіп, тізеңізді құшақтап алға қарай иіліңіз. Осы қалыпта төсенішке жатып бастапқы қалыпқа оралыңыз. Тізеңізді құшақтаған күйі осылайша бірнеше рет қайталаңыз. Екі иықты барынша жоғары көтеру, кейін төмен түсіру жаттығуларын 20 рет қайталаңыз. Иықтарыңызды сәл артқа қарай татып, көкірегіңізді алға шығарыңыз. Бұл жаттығуды да 20 рет қайталаңыз. Осы секілді басқада омыртқаға арналған жаттығулар бүкіреюден құтылуға жәрдем бола алады. Күнделікті турникке асылып 10 минуттай тұру сымбатты сымдай тартып, қисайған, иілген сүйектердің қалпына келуіне сеп болады.
Бөлмеңіздегі қабырғаға арқаңызбен тік тұрыңыз. Дуалға арқаңыз, балтырларыңыз тиіп тұратын болсын. Осы қалыпта 15 минут қозғалмай тұрып, кейін қалпыңызды жоғалтпай бөлме ішінде әрлі-берлі жүріңіз. Офицерлер мектебінде тұлғаны тік ұстау үшін киімінің екі иығына қатты кардон қағаз тігіп, үстіне стаканмен су қойып қояды. Жүргенде стакандағы су төгілмеу керек. Ал, сіз мұның орнына жоғарыда айтқанымдай басыңызға кітап қойып жүру тиімдірек.
Сондай-ақ, орындыққа отырғаныңызда арнайы арқасы бар орындық таңдаңыз. Содан соң сол орындыққа екі қолыңызды бүгіп шынтағыңызбен тіреп, кеудеңізді алдыға шығарып отырсаңыз пайдасы шаш етектен. Ылғы компьютер алдына отырғанда ұмытпағайсыз.
Саулығыңызды тілеймін!
[1]: https://surak.baribar.kz/129487/#a129523