+2 дауыс
27.5k көрілді
Мектеп бітірушілерге құттықтау сөз керек?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Құрметті мектеп бітіруші түлектер, сендер үлкен өмір жолына аттанғалы отырсыздар. Еліміз жас ұрпақтың бойынан білімділікті, отансүйгіштікті, адамгершілік пен кішіпейілділік, әдептілік пен ізеттілік, қайсарлық пен өткірлік, ақыл мен көріктілікті көргісі келеді. Бұларсыз адамдық та, азаматтық та болмақ емес. Дана қазақ өзінің жақсы көрген ұлдарына «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген ұлағатты сөзін айтуды ұмытпаған. Бүгінгі өмір еселі еңбек етуді талап етеді. Әрқайсысың өмірден өз орындарыңды табуларыңа тілектеспін. Осы өмір жолында қанаттарын талмасын, қатая берсін.
Сіздерге сәтті сапар, ақ жол тілеймін.
2. Мектеп бітіруші түлектер үшін бүгінгі соңғы қоңыраудың үні ерекше.Бұл мереке олардың мәңгі естеріңде қалатын, қайталанбайтын, сағынышпен еске алып жүретін, балалық шақпен қоштасып,  үлкен өмірдің алғашқы баспалдағына аяқ басар сәттері. Енді санаулы күндерден кейін 11 жыл бойы білім, тәрбие берген аяулы ұстаздарымен, алтын ұя мектептерімен қоштасқалы отыр. Қазір олардың алдарыңда үлкен сын ҰБТ сыны тұр. Сол сыннан сүрінбей өтіп, әр қайсы өздерінің қалаған мамандықтарының иесі болуларына шын жүректен тілектеспін. Мен мектеп түлектерін әрдайым биіктерден көргім келеді.
керемет! жақсы екен
Әлбетте ))
...