Әрине бұл адамның денсаулығына зиян және өмірін қысқартады. Оны қойу үшін сабырлылық, тозімділік қажет. Насвайдың зиянына келсек ол темекіден де зиян яғни есту, көру,ойлау қабілетінің барлығын жояды уақыт өте келе және тағыда көп зияны бар. Ал темекі олда жақсы емес. Ол адамның өкпесін ірітіп, ішкі құрлыстарын қап-қара күйе қылып жібереді. Тағыда зияны көп.
Ал оны қойғыңыз келсе, қоямын деген ниетіңіз болса жеткілікті. Бастапқы бір апта қиын болады. Ол кезде конфет, сағыз көп пайдасын тигізеді. Ол темекіге деген құмарлықты басып және сәл-сәл жүйке жүйесін тыныштандырады. Және достарыңызбен көп уақыт өткізіңіз, қызықты істермен шұғылданыңыз. Ескерту бұл жерде жаман әдеттерден аулақ достарыңыз болуы керек. Солай жалғастыра берсеңіз темекіге, насыбайға деген құмарлықтан арыласыз.