+2 дауыс
1.5k көрілді
Түсініксіз бір сезім баурайды тұлабойымды,
Білмеймін оны мен сүйетін, сүймейтінімді,
Арақатынасымыз толыққан болмаса да,
Екеуіміз кірісіп кеттіппіз ғой ұрысқа.
Жаным маған ұрыспа,... жаным маған ұрыспа,...жаным ұрыспаш болды,...ұрыспаш дейм, түймедейді түйе қылып...
Очм ханымдар мен мырзалар, негізінде қыздар қауымына: Не ғо?! Былай ғо қыздармен сөйлескенде әзілсіз сөйлескен дұрыс па? Әлде тұйық болып, байсалды болып па? Заманамызда приколшиктер көп, солай бола тұра қалай прикол тыққанды өзім де байқамай қаламын...Гүл етпекші, құл етпекші арулардан нақты жауап, жігіттер де жауап берсе болады, арзымас.

5 жауап

+1 дауыс
Өзіңе байланысты
+2 дауыс
Әр қыз, жалпы әр адам әртүрлі ғой. Менің ойымша, әзіліңіз орынды болса, әрине, неге әзілдемеске?! Бірақ әр әзілдің, әр қалжынның өзінің орны, өзінің жөні болады. Соны ұмытпағайсыз!
+5 дауыс
Әзілдің де, тұйықтықтың да қажеті жоқ, ең аяғы ӘзӘзіЛдіктің де!
Бар болғаны шынайылық керек. Сіз қандайсыз, сол бар болмысыңызбен көріне білген жөн, батыл болыңыз.
Ел арасында мынандай сөз бар "Әйелдер еркектерді өзгереді деп ойлайды, бірақ олар өзгермейді. Ал еркектен әйелдерді сол әдемі қалпында өзі де, мінезі де өзгермейді деп ойлайды, бірақ олар өзгеріп кетеді" деген. Сіз - еркексіз! Ал ол қыз сіздің бар болмысыңызды қабылдай білуі керек. Соған осы бастан үйретіңіз, осы бастан бастаңыз. Әйтпесе ол сізді құл етіп жібереді, болмаса гүл етіп жібереді. Әдетте біздер "еркекті гүл ететін де, құл ететін де әйел" деп жатамыз, шын мәнінде гүл етсе де, құл етсе де оған еркектердің өзі себепші екенін ескеріңіз. Қанша дегенімен ер адамдар сана-сезіңмнен жұрдай ақымақ иесі емес.
Болашағыңызы ойласаңыз, осы бастан шынайы болғайсыз. Қыздар жайлы жаман ойдан арылыңыз. Болмаса ақыры сол ойыңыз өміріңізде орын алатын болады.
Қыз алдында не әңгіме айтсаңыз да шынайы ойыңызбен, шынайы жүзіңізбен айтқайсыз және мәдениеттілікке бір табан жақын болыңыз.
Қыздар жігіт алдында өздерін биік ұстағанымен іштей оған бағынып тұрады. Сіз жаман жаққа қарай бұрсаңыз солай қарай, жақсы жаққа бұрсаңыз жақсы жаққа қарай кететін қыздар жетерлік. Кейде оның сізге ауыр сөз айтуына өзіңіздің де себеп болатынын білмейтін де шығарсыз.
Иә, басқа не дейін? Сізге шынайылық пен батылдық тілеймін!
Шынайымын, бірақ батыл емеспін. Себебі жастықты құшақтап үйде жатқаныма 3 жылдың 152 күнінен 153 күніне ауысайын деп жатыр. Корридорда кетіп бара жатқан кезде бір-бірімізді көре қалсақ, ішімдегі сезімдер тасып, денем тітіркеніп кетеді. Эхх, жауапсыз махаббат. Байқаймын батылдықты көп жазасың, бұл да бір лебіз деп түсініп жатыр көкейкөз. Уайымдама ғашығың осыны оқып, батылдық жасап, сөзін берер, Бұйыртса.
+1 дауыс
дұрыс айтасын * әр қалжынның өзінің орны, өзінің жөні болу керек *     қаншалықты қыз керемет болса да, сен  жағыпмаздан ба, сенің  тек әзілкойлығына қызықпау керек ішкі жан дүниене де назар аудару керек бойжеткен.  Бірақ дегенмен бес саусақ бірдей емес қой  қыздардың бірі әзілді ұнатса, бірі оны көтере алмайды.   Соңғы шешіп өзіңнен
Бірақ әзіл түсінбейтін қыздардан 100 метр аулақ, ұнатсам да. Себебі түсінбестік сондайлардан болады.
әзілді ұнататын қыздар да болады сыпайы сөйлесетін қыздар да болады бірақ әзілдеп сөйлескен дұрыс сиақты бірақ әрине өз орнымен әзілдессе өте сыпайы боп сөйлессе де жақтырмайды
Белгісіз
0 дауыс
Ербол аға қалайсыз?
бірден сұрағыңызға көшейін, жалпы өзім үшін бап-байсалды жігіттер мүлде ұнамайды.Негізінде сөйлесіп отырғанда бір көңіл күй болу үшін және жақын араласу үшін әңгімеңізді әзілмен тұздықтап отырған жөн-ау.Екеуіңізде үндемей, бап-байсалды әңгіме айтып отырсаңыз, ара-қатынастарыңызда қатты жақын болмайды.Және жақсы әзілдермен қызды өзіңе баурап алуға болады.Себебі көңіл күйі жоқ кезде бір, екі әзіліңді айтып отырсаң, қалай күлгенін де өзі білмей қалады)
Шүкір жаман емес, өзің қалайсың? Түсіндім. Рахмет пікіріңе. Әңгіме, әңгіме ғой. Сезіміңді білдіре.....ей құрсыншы. Батыл емеспін.

Ұқсас сұрақтар

...