Әзілдің де, тұйықтықтың да қажеті жоқ, ең аяғы ӘзӘзіЛдіктің де!
Бар болғаны шынайылық керек. Сіз қандайсыз, сол бар болмысыңызбен көріне білген жөн, батыл болыңыз.
Ел арасында мынандай сөз бар "Әйелдер еркектерді өзгереді деп ойлайды, бірақ олар өзгермейді. Ал еркектен әйелдерді сол әдемі қалпында өзі де, мінезі де өзгермейді деп ойлайды, бірақ олар өзгеріп кетеді" деген. Сіз - еркексіз! Ал ол қыз сіздің бар болмысыңызды қабылдай білуі керек. Соған осы бастан үйретіңіз, осы бастан бастаңыз. Әйтпесе ол сізді құл етіп жібереді, болмаса гүл етіп жібереді. Әдетте біздер "еркекті гүл ететін де, құл ететін де әйел" деп жатамыз, шын мәнінде гүл етсе де, құл етсе де оған еркектердің өзі себепші екенін ескеріңіз. Қанша дегенімен ер адамдар сана-сезіңмнен жұрдай ақымақ иесі емес.
Болашағыңызы ойласаңыз, осы бастан шынайы болғайсыз. Қыздар жайлы жаман ойдан арылыңыз. Болмаса ақыры сол ойыңыз өміріңізде орын алатын болады.
Қыз алдында не әңгіме айтсаңыз да шынайы ойыңызбен, шынайы жүзіңізбен айтқайсыз және мәдениеттілікке бір табан жақын болыңыз.
Қыздар жігіт алдында өздерін биік ұстағанымен іштей оған бағынып тұрады. Сіз жаман жаққа қарай бұрсаңыз солай қарай, жақсы жаққа бұрсаңыз жақсы жаққа қарай кететін қыздар жетерлік. Кейде оның сізге ауыр сөз айтуына өзіңіздің де себеп болатынын білмейтін де шығарсыз.
Иә, басқа не дейін? Сізге шынайылық пен батылдық тілеймін!