+3 дауыс
530 көрілді
Күнделікті тірліктегі әрекеттеріңізді жасап жүрсіз. Бірақ, барлығы бұрынғыша болғанымен, жаныңыза үнемі камера жүреді: не жасайсыз, барлығы да барша әлемге тікелей эфирден көрсетіліп тұрады. Осы кезде жасап жүрген кей әрекеттеріңізге өзіңіз ұялар ма едіңіз? Жұрт не деп ойлауы мүмкін Сіз туралы?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен онсыз да камераға түсіп жүргендей күйде ұстаймын өзімді. Кішкентайымнан "сен не істесең де оны Аллаһ, періштелер көріп тұрады" деген сөзді жиі естіген соң, ылғи ойымнан осы сөздер шықпайды. Сол үшін кей тірліктерден тартыншақтаймын, өзімді шынайы ұстауға тырысамын. Бірақ, кей кездері қолымнан келмей жатады.
+1 дауыс
Хы хых ых  хы .:D не керегі бар оның?кімге керегі бар? не қызық?
Былайша айтқанда, живой сериал, реалити шоу сияқты ғой "типа".
Ұят сияқты.Мен туралы неше түрлі ойлар ойлайтын болады. да.Жағымсызы да бар, жағымдысы да бар.Мен шыдай алам ба екен?Хы
+1 дауыс
Жұрттың не ойлауы мені қызықтырмайды!
 Барынша актриса болуға тырысамыз, жалпы, актрисаның рөлін жақсы сомдап қоямын!
Сол үшін ұялмаймын, бәрібір шынайы рөл ойнап жүргенім жоқ,  кейін өзімді көріп, күлемін!
+1 дауыс
Өмірде қандаймын, тура соны камерада қайталаймында жүре беремін, бұл үшін ұялудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Қайта камера арқылы өзің байқамайтын, кейбір істеріңді, әдеттеріңді, айналадағы назар салмайтын  құбылыстарды, қыбырлаған тіршілікті көре аласың. Солай емеспе?? Бір сөзбен айтқанда өзіңді басқа жағынан, бөтен біреудің көзімен көргендей әсер алуға болады емеспе??
0 дауыс
Джимм Керридің "Шоу Трумена" деген  киносын қараңыз.Сол жерден жауабын табасың(drunk)
...