Қазақ тілінен тағыда көмектесесіздерме?

+1 дауыс
2.8k қаралым
1.Зал ішінен айқайлаған балаларың дауысы шықты.(морфологиялық талдау жасаңыз)
2.Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады(Құрмаластың қай түрі екенін анықтап,әрбір жай сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз)
3.Сөз жүйесін тапса мал иесін табар(құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының жасалу жолын түсіндіріңіз)
4.Болашақ сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
5."үзік сызықтар"  "үзік сызықтар",-сызба бойынша сөйлем жазыңыз.
6.Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім,-ұйқым келмеді.(құрмаластың қай түрі екенін анықта және тыныс белгісінің не себепті қойылуын түсіндір.
7."үзік сызықтар,ирек сызықтар анықтауыштағы,тағы да үзік сызықтар"(сызба бойынша төл сөз  бен автор сөзін ойлап жазыңыз.)
Қазақ тілі

2 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
1.Зал ішінен айқайлаған балаларың дауысы шықты
Зал - зат есім, деректі, жалпы затесім, дың - деген ілік септігінің жалғауы жасырын тұр...
Ішінен -  түбірі: *іш* - көмекші есім, і - тәуелдік жалғауының III жағы, нен - шығыс септігінің жалғауы..
айқайлаған - түбірі: *айқай* - зат есім, дерексіз, жалпы есім...ла - етістік тұдырушы жұрнақ, ған - есімшенің жұрнағы...
балалардың -- түбірі: бала - зат есім, деректі, жалпы з.е., лар - көптік жалғауы, дың - ілік септігінің жалғауы
дауысы -  түбірі: дауыс - зат есім, дерексіз, жалпы з.е., ы - тәуелдік жалғауының III жағы...
шықты -  түбірі: шық - етістік, ты - жедел өткен шақтың жұрнағы..
..
..
4.Болашақ сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
Б - дауыссыз, ұяң..
О - дауысты, жуан, еріндік, қысаң..
Л - дауыссыз, үнді
А - дауысты, ашық, жуан, езулік
Ш - дауыссыз, қатаң
А - қайталанды
Қ - дауыссыз, қатаң
2.Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады(Құрмаластың қай түрі екенін анықтап,әрбір жай сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз)
-талғаулы салалас құрмалас сөйлем
-Сөз бен қылық суық көңілді жылытады  - жайылма сөйлем, себебі ретімен талдасақ, сөз бен қылық - бастауыш, суық - анықтауыш, көңілді - толықтауыш, жылытады - баяндауыш...
Және осы жерде біріңғай мүшелер бар жылы көңілді суытады, яғни жалпы бұл сөйлемде толықтауышы мен баяндауыштары біріңғай...
3.Сөз жүйесін тапса мал иесін табар(құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының жасалу жолын түсіндіріңіз)
Сөз жүйесін тапса - бағыныңқы сыңары, жалпы сөйлем шартты бағыныңқы сабақтас, етістігі шартты райдың жұрнағы арқылы жасалған...
6.Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім,-ұйқым келмеді.(құрмаластың қай түрі екенін анықта және тыныс белгісінің не себепті қойылуын түсіндір.
Бұл жерде қарсылықты салалас құрмалас сөйлем...
-ұйқым келмеді. осы жерде сызықшаның орнына бірақ деген жалғаулық шылауы қойылуы тиіс еді, орнына сызықша қойылды...
қалған 5 пен 7-ні толықтырып жазасың ба, түсінбей кеттім...тыныс белгілерін толықтырып жазшы..
көп-көп рахмет,5 пен 7-ні өзім қарармын.
+1 дауыс
1.Зал ішінен айқайлаған балаларың дауысы шықты.(морфологиялық талдау жасаңыз)

1)Зал-зат есім,деректі,негізгі;
2)ішінен:
      a)іш-зат есім,деректі;
       ә)іші- тәуелдік жалғауының үшінші жағы;
       б)ішінен-шығыс септігі жалғауы.
    3)айқайлаған
a)айқай-зат есім,дерексіз;
ә)айқайла-етістік тудырушы жұрнақ.
б)айқайлаған-есімше жалғауы.
4)балалардың
a)бала-зат есім,негізгі,деректі.
ә)балалар-көптік жалғауы
б)балалардың-тәуелдік жалғауы үшінші жағы


2)талғаулы салалас құрмалас.

)))уақыт керек екен
аздап болса да көмектескеніңе рахмет!
127,725 сұрақ
322,321 жауап
153,195 пікір
72,721 қолданушы