0 дауыс
6.8k көрілді
Қанекей кім жүйрік? Кім жылдам? Тауып берген адамға Жоғары балл

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. [1]
Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату
Жарнама түрлері.
Мелиялық жарнама – тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы жіне анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.
Контексттік жарнама - тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.
Жарнаманың басқа түрлері медиялық және және контексттік жарнамалардың белгілерін біріктіреді.
Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет, жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электрондық поштаның артықшылықтары: Электрондық пошта желіні қолданушы тұтынушылардың барлығында бар. E-mail хабарламаның push-технологиясын білдіреді. Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді. Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін.
e-mail көмегімен алға басу үшін мынадай әдістер қолданылады:  Жазылушыларға жіберілетін хаттар.
Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері көп. Бұл жіберілімді қабылдаушы тұтынушылар сол жіберілімге өздері жазылған және олар кез-келген уақытта сол жазылымды тоқтатуға құқығы бар. Жіберілімдердің мынадай түрлері бар:  Ашық (барлық қалаушыларға)  Жабық (адамдардың белгілі бір тобына)  Тегін (жобалаушылардың қалауына байланысты)
Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан және де оның мыңдаған жазылушылары бар болғандықтан ол тиімді марктинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайт жаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды.
Жаңалық жіберілімдерінде жарнама орналастыру – көптеген жіберілімдер БАҚ-ның рөлін атқарады.
Қайсысы ұнайды жақсы жауабын беріңіз.
+2 дауыс
[Мына жерден][1] қарап көріңіз.


  [1]: http://letitbit.net/download/33703.371a951860ee9e83f12a74497a60/Қазіргі_қазақ_жарнамаларының_тілдік_ерекшеліктері_реферат__www.topreferat.kz_.doc.html
...